Баспасөз хабарламалары
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы MIND Distinguished Lectures алаңына қатысты

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы MIND Distinguished Lectures алаңына қатысты

Научно-исследовательский центр «Молодежь» посетил MIND Distinguished Lectures

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы MIND Distinguished Lectures алаңына қатысты

7 ақпанда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары MIND Distinguished Lectures алаңында өткен бірегей сараптамалық кездесуге қатысты. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азияның дамуындағы өзекті мәселелер бойынша білім алмасу мен пікірталастар жүргізуге бағытталған алғашқы бастама.

«Орталық Азия: барлығының ортасында және өзімен-өзі» тақырыбында дәріс оқыған Азия зерттеулері институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты Сұлтан Акимбеков қазақстандық жастардың әлеуетін ашудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен қолайлы жағдайлардың жасалуы жастарға өзін-өзі дамыту және жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, MIND Distinguished Lectures алаңы әртүрлі сала мамандары мен сарапшыларының өзара әрекеттестігіне арналған тиімді форум болып табылады. Оның маңызды аспектілерінің бірі – ұрпақтар арасындағы диалогты дамыту және жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру. Бұл өз кезегінде Қазақстанның және тұтас өңірдің тұрақты өсуін нығайтуға ықпал етеді.



07.02.2025

Возврат к списку