Баспасөз хабарламалары
Қазақстандық жастардың дамуындағы негізгі трендтер

Қазақстандық жастардың дамуындағы негізгі трендтер

Основные тренды в развитии казахстанской молодежи

Қазақстандық жастардың дамуындағы негізгі трендтер

11 желтоқсанда Астана қаласында мемлекеттік кеңесші Е. Кариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

«Жастар» зерттеу орталығының директоры А. Ерниязова өзінің баяндамасында жүргізілген зерттеудің нәтижелері негізінде қазақстандық жастардың дамуындағы негізгі үрдістерді таныстырды.

Анықталған үрдістерді ескере отырып, кеңес мүшелері жастардың еңбек нарығындағы жұмыспен қамтылуы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Отырыс қорытындысында Е. Карин кеңес мүшелерінің жыл бойы көптеген бастамаларды іске асыруға қосқан маңызды үлесін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Кеңестің алдағы уақытта да өзекті күн тәртібін қалыптастырып, жастар саясаты саласындағы негізгі бағыттарды одан әрі ілгерілететініне сенім білдірді.


12.12.2024

Возврат к списку