Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Онда сенаторлар зиялы қауым өкілдерімен және сарапшылармен бірге қазіргі жаһандық сын-қатерлер кезеңінде жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру, жетілдіру және дәріптеу бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Отырыс барысында «Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова ел болашағындағы жастардың рөлі туралы баяндады.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы кейінгі 10 жылдан астам уақыт бойы жастар арасында жүйелі түрде қоғамдық пікір өлшемдерін жүргізіп келеді. Ғылыми әуестігіміздің аясында айқындалған жастардың құндылық портреті сөз болды.
Іс шара барысында «Жастар» ҒЗО зерттеулеріне сүйенген келесі ұсыныстар жасалды: демографилық призма моделін құру, «Тәуелсіз ұрпақтың бейнесі» және «Жас прекариаттың образы» кешенді зерттеулерін жүргізу, «Адал азамат» тұжырымын мемлекеттік жастар саясаты жүйесіне енгізу үшін құраушы нормативтік-құқықтық актілерді, қолданыстағы стратегиялық құжаттарды қайта қарап шығу.
Сонымен қатар Айсұлу Ерниязова «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жас ұрпақ арасындағы, сондай-ақ қоғамдағы түйткілді мәселелерді анықтау бойынша өз әлеуетін іс жүзінде іске асыруға әрдайым дайын екенін айтты.