Баспасөз хабарламалары
«Орталық Азия: сенім гравитациясы» атты VII Орталық Азия сарапшыларының форумы өтті

«Орталық Азия: сенім гравитациясы» атты VII Орталық Азия сарапшыларының форумы өтті

Состоялся VII Центрально-Азиатский экспертный форум «Центральная Азия: гравитация доверия»

«Орталық Азия: сенім гравитациясы» атты VII Орталық Азия сарапшыларының форумы өтті

2024 жылғы 14 маусымда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты БҰҰ Орталық Азия үшін алдын-алу дипломатиясының аймақтық орталығымен және Фридрих Эберт Қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азия: сенім гравитациясы» атты VII Орталық Азия сарапшыларының форумы өтті.

Іс-шара ағымдағы жылдың тамыз айында Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі қарсаңында өткізілді. Форумда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, және Түрікменстан сарапшылары Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің алғашқы 5 жылының қорытындыларын және өңірлік кооперацияның жаңа кезеңінің басымдықтарын талқылады. 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова жастардың қоғамдық үдерістерге қатысуына қатысты пікірімен бөлісті:

«Бүгінде Орталық Азия өзіндік гүлдену дәуірін, мәдени трансформацияны бастан кешуде. Бұл өзгерістерде жастар шешуші рөл атқарады, өйткені олар енді кезекте объект қана емес, сонымен қатар жаңа құндылықтар мен трендтердегі өзгерістердің субъектісі. Қазіргі уақытта олар қоғамдық қатынастардың пассивті қатысушысы ғана емес, сонымен бірге өзгерісті дамыту үшін үлкен әлеуетке ие ядро. Халық құрылымындағы жастардың өсіп келе жатқан үлесін ескере отырып, «жастар қырқасы» деп аталатын жақындап келе жатқан демографиялық құбылыс аясында «Орталық Азиядағы жастар» кешенді зерттеуін жүргізу, жастар сарапшылар қауымдастығын қолдау, жас сарапшылар үшін өңірлік алаң және Орталық Азияда тәжірибе алмасу үшін өңірлік волонтерлік сараптама алаңын құру ұсынылады».

Форум Орталық Азиядағы ғылыми-сараптамалық кооперациялау дәстүрін жалғастырып, талдау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің беделді алаңына айналды. Форум қорытындысы бойынша жалпы сараптамалық ұстанымдар негізінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі үшін өңірді дамытудың өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар әзірленді.

 

14.06.2024

Возврат к списку