Баспасөз хабарламалары
ЖРО мамандарына арналған семинарлар Ақтөбеден бастау алды

ЖРО мамандарына арналған семинарлар Ақтөбеден бастау алды

Семинары для специалистов МРЦ стартовали в Актобе

ЖРО мамандарына арналған семинарлар Ақтөбеден бастау алды

12 маусымда Ақтөбе қаласында жастармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған Мемлекеттік жастар саясаты мектебі өз жұмысын бастады. Мектеп аясында жастар ресурстық орталықтарының мамандары лудомания, репродукциялық саулық тақырыптарында үш күндік оқыту бағдарламасынан өтеді.

Семинар тақырыбының өзектілігі – 2023 жылдың наурыз айынан бастап жастар саясаты заңнамасына енгізілген өзгерістер. Оларға сәйкес жастармен жұмыс жасайтын мамандар лудомания мен репродукциялық саулық бойынша жастарға кеңес беруге міндеттелді.

Осы орайда қатысушылар лудоманияның адам ағзасы мен өміріне әсерімен танысады. Басты назар ойынқұмарлықтан алдын алу механизмдеріне аударылады. Сонымен қатар репродукциялық саулық саласындағы сұрақтар халықаралық тәжірибе призмасынан қаралатын болады.

Іс-шара «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен өтуде.

12.06.2024

Возврат к списку