Баспасөз хабарламалары
Жастар «ҒЗО» сарапшылары «Жастар бірге – қалдықтар бөлек!» форумына қатысты

Жастар «ҒЗО» сарапшылары «Жастар бірге – қалдықтар бөлек!» форумына қатысты

Эксперты НИЦ «Молодежь» приняли участие на Форуме молодежи и вузов Казахстана по сбору пластика «Молодежь вместе – отходы раздельно!»

Жастар «ҒЗО» сарапшылары «Жастар бірге – қалдықтар бөлек!» форумына қатысты

Жастар «ҒЗО» сарапшылары «Жастар бірге-қалдықтар бөлек!» форумына қатысты. Жобаның 8-маусымы жасыл принциптерді ілгерілету және ТДМ-ға қол жеткізу арқылы пластикті жинау мен қайта өңдеудің тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған.

 Қазақстанда Coca-Cola icecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) компаниясының бастамасымен «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту» коалициясының қолдауымен экологиялық жоба іске асырылып жатқан бірінші жыл емес. 8 маусымның басты қатысушылары 11 қазақстандық жоғары оқу орындарының оқушылары болды: Назарбаев Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ., С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰАУ, Satpayev University, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Туран-Астана» университеті. Жоба аясында студенттер пластикалық қалдықтарды жинап, ай сайын қайта өңдеуге жіберді, сонымен бірге тапсырылған пластиктің мөлшерін тіркеді.

 Әлеуметтік жобаны жүзеге асырудың маңызды бөлігі университет қатысушылары арасында пластикті қайта өңдеу бойынша үздік идеяға байқауды өткізу болды.

 «Орама қалдықтары мәселесін шешу әрқайсымыздың өз қолымызда және өскелең ұрпақ оны шешудің драйверіне айналуда деп есептейміз. Ұзақ жылдар бойы қоғаммен, үкіметпен бірлесе отырып, орауыш жинауға үлес қосатын түрлі жобаларды қолға алып жатырмыз. Тек 3.2.1! жобасының арқасында біз 17 тонна пластик жинадық, оған қоса жинау және қайта өңдеу бойынша серіктестерімізбен бірге Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы коллекторлық инфрақұрылымға инвестиция салып жатырмыз. Соңғы жылдары бұл саладағы бастамаларымыздың саны айтарлықтай өскенін және біз мұндай жобаларға инвестициялауды жалғастырамыз», – деді Алима Исембаева, CCI Қазақстан корпоративтік байланыстар және тұрақты даму жөніндегі директоры.

«Бірнеше жылдан бері біз CCI Қазақстанмен бірлесіп, жаңа таланттарды ашып, еліміздің дамуы үшін жастардың идеяларын қолдап келеміз. Қазақстандықтардың жас ұрпағы – тарихты жасайтын тұлғалар және біз бұл бастаманы қолдағаны үшін компанияның ұстанымына жақын адамдардың барлығына алғыс айтамыз», – деді Асхат Сүлейменов, «Жасыл экономика және G-Global дамыту» коалициясының директоры.

Еске сала кетейік, жобаны ұйымдастырушылар, CCI Қазақстан компаниясы қаптама қалдықтарын басқару жүйесіне ерекше назар аударады. Тек 2023 жылы 3,5 мың тоннаға жуық қалдықтар жиналып, кәдеге жаратылды. 2030 жылға дейін Қазақстан нарығына шығарылатын қаптаманың 100% баламалы көлемін жинау жоспарлануда.

Кәдеге жарату алымын төлеуден басқа, компания елдің ірі қалаларындағы тұрғындардан қаптаманы жинау және сұрыптау инфрақұрылымына белсенді инвестиция салады, эко қоғамдастықпен, қалдықтарды жинаушылармен және қайта өңдеушілермен жұмыс істейді, индустрияны қолдайды. Бұл бастамаларды әлеуметтік-жауапты бизнестің бірі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің өзі атап өтті.

07.06.2024

Возврат к списку