Баспасөз хабарламалары
Демография Институтының директоры Денисенко Михаил Борисовичпен сараптамалық кездесу

Демография Институтының директоры Денисенко Михаил Борисовичпен сараптамалық кездесу

Демография Институтының директоры Денисенко Михаил Борисовичпен сараптамалық кездесу

2024 жылдың 28 наурызында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы белгілі ғалыммен, «Жоғары экономика мектебі» (Мәскеу, Ресей Федерациясы) А.Г. Вишневский атындағы демография Институтының директоры Денисенко Михаил Борисовичпен сараптамалық кездесу ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы зерттеу ұйымдары Консорциумының қызметі шеңберінде ұйымдастырылды.

«Жастар» орталығының директоры Айсұлу Ерниязова өз сөзінде ғылыми мүмкіндіктерді кеңейтуге, зерттеу тәжірибесімен алмасуға және болашақ әріптестік үшін жаңа әлеуметтік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін осындай пікірталас алаңдарын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

34.jpeg


Кездесу барысында қазіргі заманғы демографиялық дамудың негізгі парадигмалары және олардың мемлекет саясатына ықпалы талқыланды. Пікірталасқа қазақстандық зерттеу институттарының басшылары, жас ғалымдар, жастар саясаты саласындағы сарапшылар қатысты.
28.03.2024

Возврат к списку