Победители конкурса "Герой нашего времени 2017"

  • 12 июня 05:01
  • 795
1 место.
Статья: "Бүгінгі күннің кейіпкері “Менен бақытты жан жоқ...” 
Автор: Жубаныш Руслан Жанбырбайұлы, студент 3-го курса факультета "Журналистики и политологии" Евразийского национального университета им.Л.Н.Гумилева, г.Астана.


Бүгінгі күннің кейіпкері

“Менен бақытты жан жоқ...”

Менің бүгінгі кейіпкерім саяси немесе қоғам қайраткері емес. Ол қатерлі ісіктің емін ойлап тауып, әлемді дүр сілкіндірмеген. Теңдессіз технологиямен де таңғалдыра қоймаған. Гагарин болып та ғарышқа ұшпаған. Майкл Джексондей танымал да емес. Дегенмен ол, сөзсіз, бүгінгі күннің батыры.
Латиф Парпиев, онкорадиолог дәрігер. Терапевт, рентгенолог деген мамандығы тағы бар. Жасы 29-да. Әңгімеме арқау болған оның кәсіби қызметі емес. Өмірге деген өзгеше көзқарасы, үлкен адами жүрегі. Ендеше осы жерден толықтырып, тарқатайын. Латиф Гиппократ антына адал, десек те оның одан өзге ынтызар ісі бар. Хоббиі десем дұрыс әрі дәлірек болар. Ол – волонтер. Бір емес, білдей үш ұйымның құрметті координаторы. Осылардың барлығын біріктіретін бір ғана факт – балалар. Иә, Латифтің әлсіз тұсы да осы. Шынайы, жанары жәутеңдеген балаларды көргенде оның жүрегі елжіреп сала береді. Осы қасиеті оны 2014 жылдың 29 қарашасында «Best for Kids» қорымен табыстырды.

1 1

«Best for Kids» еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік бейімдеумен айналысады. Яғни балаларға қажет болар қарым, қабілет үйретіп, болашаққа бағдар беруге тырысады. Үш жыл ішінде Латиф балаларға білгенін үйретіп қана қоймай, олардың айнымас дос, сенімді серігіне айналып үлгерген. Бауыр басып, ағалық қамқорлық танытқан. Танытып та келеді...

1 2

“Балалармен кездесуімізден соң, олардың көзінен үміт отын көремін. Олар бұл әлемде өздерінің жалғыз емес екендіктерін сезінеді” - дейді Латиф. Естеліктерімен бөлісе отырып, ол өзіне жазған бала хатын оқып берді. “Порой важно иметь того, кто просто будет рядом. Когда человеку больно, кто-то должен просто обнять. Кто-то должен быть рядом, не давая упасть. Когда человеку плохо. И целый мир пополам. Кто-то должен быть вместе с тобой за одно, чтоб поверить, что все возможно. Когда человек потерян. И не знает, как поступить – кто-то должен быть мудрее. Посоветовать, но не учить! Когда человеку страшно. Под подушкой он с головой кто-то должен сказать тихонько: “Ты не бойся, ведь я с тобой!”. ( Хат мәтіні түпнұсқада берілген) 

“Осы тәріздес хаттар алып, балалардың жүрекжарды лебіздерін естігенімде, менен бақытты жан жоқ шығар деп ойлаймын. Демек, біздің жасап жүргеніміз бос емес, нәтижелі дүние. Өз басым ризамын” – дейді ол. Жоғарыда атағанымдай Латиф бір емес бірнеше клубтың мүшесі. Келесісі – «28 ілмек» тобы. Бұл ұйымның қызметі ерекше, көмегі зор. Еріктілер бірігіп, шала туған шақалақтардың өмірі үшін күреседі. 500 грамға жетер-жетпес боп туған нәрестелерге табиғи жүннен киім тоқиды. “Бұл жаңа тәсіл емес, ата-бабаларымыздың ежелден қолданған әдісі. «Тымаққа салу» дәстүрінің жаңаша жалғасы. Тоқуға қажет нәрселерді өз қаражатымызға аламыз. Мүшелеріміз өте көп, шет елде де бар. Бәрінің мақсаты бір – сәбидің өмір сүруіне мүмкіндік жасау. Алақаныма сиып тұрған сәбидің бірнеше айдан соң өсіп, күлім қаққан көздерін көргенімде, менен бақытты жан жоқ” – дейді Латиф.  “Қызығы сол, тоқу ісі қоғамда әйелдерге ғана тән деген жұтаң стереотип қалыптасқан. Мен мұнымен келіспеймін. Ізгілік жолында кез келген әрекетке баруға болады, бастысы шекарадан өтпеу” – деп есептейді ол.                                                                                                                                                                                                               

1 3

Стереотиппен күресіп, көпшілікке үлгі көрсету мақсатында ол «28 ілмек» тобының ерлер клубын құрған. Қазіргі таңда құрамы аз, болашағы зор клубты дамыту оның басты мақсаттарының бірі. Расында жұмыла көтерген жүк жеңіл. Ізгілік жолында ер яки әйел, ұзын немесе қысқа деген шарт жоқ. Бастысы – адам және оның өмірі. Бұл жолда қоғамның қисынсыз қағидаларын кесіп өту әбден орынды.

1 4

«Дари добро» еріктілері Астана қаласында онкологиялық дертке шалдыққан балаларға қуаныш сыйлайды. Бұл Латиф мүшелік ететін үшінші клуб. Ол кейде Аяз ата боп сыйлық таратса, кейде теңіз қарақшысына айналып, балалармен қылыштаса жөнеледі. Сан түрлі кейіпке енеді. Сырттай жадырап, іштей тынады. Бәрі де балалар үшін, балалардың күлкісі үшін. “Айлап, кейде жылдап аурухана терезесіне телмірген  балалардың мұңды көздерін көру өте қиын. Мен Аяз ата боп кіріп келгенімде, олардың жүздері бал-бұл жайнап сала береді. Бұл ең қуанышты сәт. Олар үшін де, өзім үшін де. Бұл сәтте менен бақытты жан жоқ” – дейді Латиф.                   

Иә, біздің Латиф осындай. Соғыс уақытында ғана емес, бейбіт күнде де ерлік көрсетіп, батыр атануға болады. Мұның айқын айғағы, менің бүгінгі кейіпкерім. Оның қоғамға қосқан ерлігі ескерусіз қалмады. 2016 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Латиф Парпиевті еліміздің «Үздік волонтері» ретінде марапаттады.

1 5

Орынды мадақ, лайық құрмет. “Мен – волонтермін. Бірақ бұл ісімді марапат үшін емес, өзім үшін жасаймын. Өйткені біз өзгелерге көмектесу арқылы, ең әуелі өзімізге көмектесеміз. Әлемді өзгертуге болады, оны өзіңнен бастау керек”.  Адамдар Марсты игеріп, жасанды интеллект ойлап тауып, болашақтың қалаларын тұрғызып жатқанда, Латифтің ісі теңіздегі тамшы дерсіз. Дұрыс та шығар. Әйтсе де, ескеріңіз, тамшыдан тама-тама дария болар.   Мен Латифті, еріктілер тобын, ағайынды Стругацкийлерше, прогрессорлар деп атаймын. Прогрессорлар, роман желісі бойынша, адамзатты өркениетке жетелейтін басқа планеталықтар. Алайда бізге басқа планеталықтардың қажеті жоқ. Олар біздің жанымызда жүр. Тек көре білу керек. Көріп қоймай, бағалай білу керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білу керек...   Осымен тәмамдайын. Рұқсат етсеңіз, түйгеніммен бөлісейін. Басқаға қол ұшын созу үшін, бай немесе мықты болуың маңызды емес. Латиф секілді мейірімді болуың жеткілікті...


2 место. 
Статья: "Қазақтың қайта туған Фаризасы"
Автор: Қалшабек Бидос Нуридинұлы, г. Шымкент

Қазақтың қайта туған Фаризасы

Өмірді сүю – Тәңірді сүюден басталады. Үнсіз ғана. Бір білетінім – Жүректің Жаратушыға жақын болуы – шын бақыт.
Арайлым Мұраталиева

Таңғажайып сұлулық тәңірісі көркем тіл, әсем нақыш әсерлі бояумен өрнек табады. Көзге сиғанмен, сөзге симайтын көркем көріністі жеріне жеткізе шебер бейнелеу талантына тамсандыра алу – шын шебердің ғана қолынан келеді. Ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын шалқар даланың бауырын исінтіп жатқан өнердің алып өзегі – Оңтүстіктің өнерлі өреніне айналып үлгерген Арайлым Мұраталиеваның тағдыры таңдап салған жолдың мұратын көздер ірі турайтын талантымен дараланады.
Біреулер үшін тым биязы, біреулер үшін тым томырық, біреулер үшін тым тұйық, біреулер үшін ағыл-тегіл ақжарқын көрінетін Арайлым – мезгілмен мінездес, уақытпен үндес шығармалары арқылы үнкеудеге айналған қазақ қыздарының бірі. 
Ол 1997 жылғы 31 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған. Ес білгеннен поэзияға, өнерге жаны жақын болған. Сол сәттердің өзінде-ақ қисса-дастандарды жаттап, ой, сана-сезімінде теңізше тербеп, көңілін құйындай иірген құдіретті жырларды жадында жаттап өскен. Жас күнінен поэзияның ғажайып көгіне қарай кеңінен қанат қағып, ақындық кеңістікте тыңнан сара жол салып, өлең жаза бастайды. Оның алғашқы өлеңдері жергілікті басылымдарда, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде жарияланған. Жыр әлеміне бұрынғыдан үні өзге, көкжиегі кең жас түлектің кейінгі өлеңдері республикалық «Жалын»,  «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарық көрді. 
Мектеп қабырғасында жүргенде түрлі сайыстар мен дүбірлі додаларға қатысқан Арайлым «Уыз сүтің – тағдырым» поэзия жанрында және «Тіл құдіреті» байқауында ертегі жазудан жүлделі орындарды иеленген. Жыл сайынғы дәстүрлі Абай, Мұқағали оқуларында көш басынан көрінсе, жас ақындардың жыр мүшәйрасында бірнеше рет жеңімпаз атанған. 
Арайлымның тағы бірі қыры – шығарманы шебер жазатын дарынында болса керек. Қоғамда орын алып жатқан әрбір құбылысқа алаңдайтыны оның мақалаларында кеңінен көрініс табады. Тағдыр, жетімдік тақсіреті, ана махаббаты, отбасы құндылығы тақырыптары оны жиі толғандырады. «Ащы да болса ақиқат» мақаласында көкек аналар мен жетім балалардың жағдайын баяндаса, «Өмірге кінә артпа» мақаласы тағдыр тауқыметін тартқандарды жігерлендіруге арналады. Жаспын демей ересек адамдардай салмақты ой толғап, осындай өзекті тақырыптарды көтеруіне қарап, оны өмірдің ерте есейткенін байқайсың... 
Арайлымды мен студент кезінен білемін. Өзіндік айтары бар жас ақынды облыстық жыр мүшайрасында таныдым. Сол алғашқы сәттен бастап жауқазын жырларынан өлеңге, өнерге, өмірге деген құштарлығын сездім. Жазған шумақтарындағы тың, шымыр ойлары оқыған жанды бірден елең еткізеді. Сәби кезінен-ақ тағдыр басынан сыйпамағандығын, тым ерте жақындарынан айырылғанын, өмір сынын бастан өткергенін кейбір жыр жолдарынан сезу қиындық тудырмайды. 
Терезе алдында тұр едім,
Сыр іздеп аспаннан.
Мен түннің көргім кеп жүрегін,
Түнекке аттанғам.
Кешіргім келмейді ерінді,
Жетім деп атаған.
Шертілмей жүрген көп шерімді,
Мен емес жасаған.
Көзінен жас көрдім соқырдың,
Төгілген санама.
Қаламды жылатып отырмын,
Хат жазып анама... – деп, жас жүрегінен шыққан тұманды сағыныш пен өкініштің кермек дәмін жырлағанда, жанарыңа еріксіз жас келеді.
Өзен де мезгіліне қарай өзгереді. Ешкімнің тосқауылына күш бермейтін ақындық өнердің ағысы Арайлымды студенттік өмірге әкелді. Бүгінде М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және мәдениет факультетінде білім алады. Мектеп бітіріп, одан соң білім қуып университетке келуі – Арайлымды бір ғажайып әлем құшағына тарта жөнелгендей. Биік мінбелерден шабытпен өлең оқыған сәттерінде көрерменін өзгеше сиқырмен баурай кетеді. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін жырлары жырсүйер қауымды өзіне ерітіп, еліктіріп әкетеді. Осындай талантымен талайды тәнті еткен дарынының арқасында Арайлым Мұраталиева «Жас ақын» аталымы бойынша жыл студенті атағына ие болды. Университет ректорының құрмет грамотасымен марапатталды. 
Өлеңдерінің көбінен адам мен заман мұңы көрініп тұратын ақын қыздың 2016 жылдың көктемінде «Ай-Зер» атты жыр жинағы жарық көрді. Кітабына енген өлеңдерінде шұғылалы аймен, моншақ жұлдызбен, кей сәттерде қуаң күзбен, көгершін көктеммен, қатаң қыспен, баянсыз жалғанмен  сырласа отырып, өз жүрегінің байламын айтады. Әлгі, «жас күніңде жазғандай қайдан болсын», – деп Мұқағали айтқандай, өлеңдерінен тайлақтың тайраңын да, асаудың ойранын да кезіктіруге болады.
Кітаптың атын «Ай-зер» өзі қойыпты. Оның мағынасын «Ай сәулесінің нұрымен жазылған өлең» деп түсіндірді. Иә, ол көбіне қаламды қолына түнде алады. Ал, «Ай-зерде»:
Мен жалғыз емеспін, аяулым,
Менің де таңым бар.
Төрінде жүріп-ақ ояумын,
Тас көңіл ортаның, – деген жолдар ақын қыздың жанының нәзіктігіне қарамастан, кез-келген өмір келеңсіздігіне қасқайып қарсы тұра алар батылдығын, батырлығын паш еткендей. Табиғаттың тылсымынан күш алған ол жұлдызды аспандағы аймен сырласып, жігерін жанып, намысын қайрай түседі. Түнектің көзі болған жыр нұры – мұңды сейілтіп, жарыққа құлаш ұрады. Оның шығармаларындағы ерекшелік те осында болса керек. 
«Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет» деп шығыстың жарық жұлдызы әл-Фараби айтқандай, Арайлымда бір тамаша қасиет – табандылық бар. Сол табандылық жоғалмай, қайта қарыштап, жалындай түссе, ол бүгінгі поэзияның падишасына айналары сөзсіз. Оның тәңірі берген талантына, ұлтына, тіліне деген жанашырлығы мен қамқорлығына қарасаң, Қазақтың ақын Фаризасы көз алдыңа елестейді. Содан болар, оңтүстік жұртшылығы үшін ол Қазақтың қайта туған Фаризасына айналған. 
Арайлымның есімі Шымкенттің Алтын кітабына енгізілген. Бұл халқының оған деген құрметі мен сенімін білдірсе керек. Осының өзі алдағы уақытта оның тегеурінді, парасатты, рухы жоғары жыр әкелуіне медет берері сөзсіз. 
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясына өзіндік жүрегінің үнімен келіп, тыңнан түрен салған жұлдызды жырларында ізгілікті, адалдықты, ақиқатты, имандылық пен адамгершілікті, терең тағылымды ту еткен жас ақынға әлі де алар асуларың көп болсын дейміз.

 foto 2

Бидос ҚАЛШАБЕК, 
Шымкент қаласы.

3 место. 
Статья: "Под флагом своей страны"
Автор: Карташов Кирилл Николаевич, 20 лет, г.Алматы, студент Казахского Национального университета имени Аль-Фараби

Под флагом своей страны

«История успеха страны – это, прежде всего, история успехов её молодежи».                  

 Нурсултан Назарбаев

 

«Герой нашего времени» - сколько силы и глубокого смысла заложено в этом выражении. Не каждый человек в этой жизни достоин того, чтобы его так называли. Какие чувства Вы испытываете, когда узнаете о великих достижениях казахстанцев? Когда узнаете, что кто-то представляет Вашу страну на мировом уровне, будь то в спортивной, научной или творческой сфере? Какие чувства испытывал каждый казахстанец, когда наблюдал всемирный триумф таких талантливых людей, как Димаш Кудайбергенов, Геннадий Головкин, Данияр Елеусинов? Несомненно, это переполняемое чувство гордости, ведь именно благодаря таким людям наша республика становится успешнее и каждый из нас может гордо сказать: «Я из Казахстана». Как говорит наш Президент: «Нам нужно показывать и создавать новых героев нашего времени – тех, на кого должна будет ориентироваться наша молодежь». 
У нас очень много молодых героев, которые  приносят большую пользу стране, прославляя ее на мировом уровне, укрепляя позитивный имидж нашего государства.  Каждый из них достоин,  о них написали не только статью, а целую книгу.
Я не посвятил свой рассказ известным личностям, которые у всех на устах. Напротив,   я расскажу про человека, который пока не так известен, но у него все впереди. Историю, которую я хочу рассказать, посвящена человеку, с которым я лично знаком с самого детства. Он является воплощением упорной работы и настоящего патриотизма. 
Героя моего рассказа зовут Дарсил Эссамамбо, он учится в Казахском национальном университете имени аль-Фараби и  на данный момент является одним из самых перспективных молодых спортсменов. Честно сказать,  перед написанием статьи я спросил у него разрешения описать именно его историю, на что он удивленно и немного смущаясь сказал: «А что такого героического я сделал?».  Мне кажется, настоящие герои всегда считают, что в их жизни  нет ничего героического. Но я уверен, что по прочтению моего рассказа, каждый будет согласен с тем, что это  уникальная личность.  
Дарсил родился в Конго в 1994 году. Еще в детстве он с матерью переехал в Алматы, где живет по сей день. С самого детства Дарсил восхищал меня своим упорством и трудолюбием. С малых лет, он был для многих, и для меня в том числе, примером. Когда все дети играли в игрушки, Дарсил оттачивал свои навыки на теннисном корте. Когда на летних каникулах все дети пропадали на улице, Дарсил упорно учился, читал и изучал языки. Он был не по годам смышлен и начитан, во многом на это повлияло воспитание его матери. Помимо русского, Дарсил в совершенстве владеет казахским, английским и французским языками. В детстве я часто бывал у него дома и видел множество книг и энциклопедий, которые Дарсил с интересом читал. Бывало, в детстве люди косились на него, дразнили из-за темного цвета кожи, но Дарсил держал лицо и не обращал внимания на подобные глупости со стороны окружающих. 
Спортивная карьера Дарсила началась в 12-летнем возрасте, когда он начал заниматься конькобежным спортом. Видно, как Дарсил душой болеет за свое дело, ведь конькобежный спорт превратился для него в образ жизни. С детства ему нравилась скорость, поэтому я не удивлен, что Дарсил отдал предпочтение именно этому виду спорта. Каждый день Дарсил вставал в 5 утра и упорно тренировался на Высокогорном Спортивном Комплексе Медеу. Он первым приходил на тренировку и последним покидал ее, тренируя каждое движение.  Непоколебимое упорство, трудолюбие, терпение, сила  и воля– вот какие качества присущи Дарсилу.  Его старания не прошли даром,  и уже в детстве Дарсил стал чемпионом Казахстана в своей возрастной группе, а в шестнадцатилетнем возрасте получил звание Мастера спорта. 
Обычно характер человека можно увидеть, когда он преодолевает трудности.  Так, в  этот  же период из-за аварии  Дарсил ломает ногу – травма очень серьезная для подобного вида спорта. Он долго восстанавливался и лечился, казалось бы, при такой травме пора забыть о спорте, но Дарсил с достоинством прошел и это испытание. Как только ему сняли гипс, он вернулся к тренировкам и стал работать еще упорнее, чем раньше. В дальнейшем, в возрасте 18 лет Дарсил получает звание Мастера спорта Международного класса. Подумать только, в том возрасте, когда дети только оканчивают школу, наш герой уже получил международное признание. В 19 лет Дарсил дважды завоевал золотую медаль на Мировом первенстве, а в 2017 году благодаря своему упорству удостоился чести представлять Казахстан на Универсиаде в Алматы. Стоит отметить, что подобный успех ничуть не вскружил ему голову, напротив такие достижения мотивируют Дарсила работать упорнее, чтобы достигнуть еще больших высот. 
Действительно, как отмечал Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев: «история успеха страны – это, прежде всего, история успехов её молодежи». На мой взгляд, именно благодаря программам по развитию и поддержке талантливой молодежи, такие люди как Дарсил будут всегда нужны своей стране. 
Дарсила часто спрашивают: «Каково выступать за Казахстан?», «Что ты будешь делать, если тебе предложат выступать за другую страну?». На что он отвечает категорическим отказом. Дарсил вырос в Казахстане, это его Родина и выступать он будет именно за нашу страну. На мой взгляд, подобная история является примером настоящей любви к своей Родине, ведь настоящий патриот должен не словом, а делом выражать любовь к своей стране. Что же касается Дарсила, он живет в Алматы и все так же упорно тренируется каждый день, завоевывая места и побивая все рекорды. 
В свои 23 года он является основным претендентом на участие в Олимпиаде в Корее, поэтому ждем побед от Дарсила, а с ним и побед нашего родного Казахстана! Если когда-нибудь Вы увидите чернокожего парня, выступающего под голубым знаменем нашей великой страны, то знайте – это Эссамабо Дарсил. Запомните это имя.

IMG 0262 08 09 17 11 05

Карташов Кирилл


1 место
Видеосюжет: "Бүгінгі күннің кейіпкері - Мұхамеджан Болысбек" 
Автор: Құлынтай Ғазиз Жәкенұлы, 20 лет, студент 4-го курса специальности "Транспорт, транспортная техника и технологии" Евразийского национального университета им.Л.Н.Гумилева

2 место
Видесюжет: "Герой нашего времени - Ерзат"
Автор: Губайдулин Сергей, 26 лет, г. Астана
3 место
Видесюжет: "Мой Герой - Анастасия Фильчева"
Автор: Данибеков Руслан, 23 года, г. Караганда