Жастарға арналған мүмкіндіктер
Отанға қызмет
Келісім-шарт бойынша әскери қызметке қалай кіруге болады?

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке қалай кіруге болады?

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке қалай кіруге болады?

Құқықтық негіз

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000561

Қазақстанда әскери қызметтің екі түрі бар: міндетті түрде шақыру бойынша қызмет және ерікті түрде келісім-шарт бойынша қызмет.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кім кіре алады?

Сіз ерікті түрде әскери қызметке үміткер ретінде келесідей шарттарға сәйкес болуыңыз қажет:

  • Сіз Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз керек;
  • жасыңыз 19-дан төмен емес (әскери орындардың курсанттарына қатысты емес) және әскери атағына байланысты әскери қызмет жағдайында шекті жасынан төмен 5 жас үлкен емес болса;
  • Сізде әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандық болса;
  • Сіз мерзімді әскери қызметтен өткен болсаңыз немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқыған болсаңыз, я болмаса әйелдерді қоспағанда, әскери-оқыту қорын дайындау бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болсаңыз.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кім қабылданбайтынын мына жерден көре аласыз: https://egov.kz/cms/kk/articles/military_service/sluzhba_po_kontract

Келісім-шарт бойынша қызмет ету мерзімі

Келісім-шарт бойынша келесі әскери қызмет мерзімдері бар:

  • 3 жылға;
  • 5 жылға;
  • әскери қызметте шекті жасқа жеткенге дейін 10 жылға немесе әскери оқу орнында оқу мерзіміне. Бірінші келісімшарт 3 жылға жасалады және осы мерзім аяқталғаннан кейін сіздің қалауыңыз бойынша жоғарыда көрсетілген кезеңге ұзартылуы мүмкін.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке қалай кіруге болады?

  1. Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Сіз тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқармасы органдарға (әскери комиссариаттарға) өтініш білдіруіңіз керек. Келісім-шарттық қызметке кіру үшін қажетті құжаттар тізімін мына жерден таба аласыз: https://egov.kz/cms/kk/articles/military_service/sluzhba_po_kontract
  2. Құжаттарды тапсырғаннан кейін және тиісті тексеруден өткеннен кейін, Сіз алдын-ала және қорытынды медициналық тексеруден өтесіз. Толық ақпаратты мына жерден таба аласыз: https://egov.kz/cms/kk/articles/military_service/sluzhba_po_kontract

Келісім-шартты жасасу рәсімі

Ерікті әскери қызметті өткеру, Сіз және әскери бөлім арасындағы өзара міндеттемелер мен жауапкершілікті белгілейтін келісімшарт жасасуды білдіреді. Келісімшарт жазбаша нысанда екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Келісім-шарттың бір данасы келісім-шарт бойынша әскери қызметке түскен адамға беріледі. Әскери қызметшіні лауазымға тағайындау туралы келісім-шартта және бұйрықта көрсетілген күн әскери қызметшінің қызметтік міндеттерін атқаруының басталуы болып есептеледі.

Толық ақпаратты мына жерден таба аласыз: https://egov.kz/cms/kk/articles/military_service/sluzhba_po_kontract

4579

Возврат к списку