Жастарға арналған мүмкіндіктер
Халықаралық мүмкіндіктер
Халықаралық оқу бағдарламалары

Халықаралық оқу бағдарламалары

Халықаралық оқу бағдарламалары

«Эразмус+» Еуропалық Одақтың бағдарламасы

Магистранттардың, докторанттар мен ПОҚ-ның Халықаралық кредиттік ұтқырлығы.
Сайты: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/

"Болашақ" халықаралық стипендиясы

Бағдарлама академиялық дайындықты (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.
Сайты: https://kz.usembassy.gov

Борлаг/ Borlaug Fellowship Program бағдарламасы

Бағдарлама Америка университетінде немесе ғылыми-зерттеу институттарында 6-12 апта бойы тәлімгермен жеке жұмыс істейтін жас ғалымдарға арналған.
Сайт:www.fas.usda.gov

Кохран/Cochran Fellowship бағдарламасы

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, агробизнесті дамыту, менеджмент және маркетинг бойынша мемлекеттік және жеке секторлардың орта буын басшылары мен мамандары үшін АҚШ-та 2 аптаға барып оқыту бағдарламасы.
Сайты: http://www.fas.usda.gov/

Германияның стипендиялық бағдарламалары

DAAD бағдарламасы - Германиядағы халықаралық студенттер мен зерттеушілер алмасу бойынша әлемдегі ең маңызды ұйымдардың бірі.
Сайты: https://www.daad.de/en/study-and-research-in-germany/scholarships/

Францияның стипендиялық бағдарламасы

Қазақстандағы Франция Елшілігінің стипендиялық бағдарламалары.
Сайты: www.kazakhstan.campusfrance.org

Турцияның «Mevlana Exchange Program» стипендиялық бағдарламасы

Студенттердің (1-2 семестр), ПОҚ (1 аптадан 3 айға дейін) Кастамону университетімен және Артвин Корух университетімен бірлескен академиялық ұтқырлығы.
Сайты: www.kastamonu.edu.tr, www.artvin.edu.tr

Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің бағдарламасы

Бағдарлама білім беру, өндіріс, тәжірибе алмасуда білікті мамандарды қолдау, мәдени және іскерлік ынтымақтастық, сондай-ақ ақпараттық коммуникация саласындағы қызметті жүргізеді.
Сайты: www.tika.gov.tr

JICA (Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің бағдарламасы)

Бағдарлама дамушы елдерден келген қатысушыларға түрлі салаларда техникалық даярлауды, оның ішінде медициналық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық оқытуды: Жапонияда оқытуды, топтық оқытуды, практикалық курстарды (3 аптадан 1 жылға дейін), жеке оқытуды (жоба бойынша техникалық кәсіптік даярлауды) қамтамасыз етеді.
Сайты: http://www.jica.go.jp/

ITEC (Үнді техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы)

Бағдарлама оқыту семинарларының кең ауқымын (1 айдан 3 айға дейін), техникалық-экономикалық негіздеме және консультациялық қызметтер сияқты жобалармен байланысты іс-шараларды өткізуді ұсынады.
Сайты: www.itecgoi.in, <

«Chevening» стипендиялық бағдарламасы

Chevening - бұл Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің магистрлік дәреже алғысы келетін түрлі елдердің жас мамандарына арналған беделді стипендиялық бағдарламасы. Бағдарламаның администраторы - British Council болып табылады.
Сайты: https://www.chevening.org/scholarships/

2435

Возврат к списку