Жастарға арналған мүмкіндіктер
Қаржылық сауат
Несие алмай тұрмыстық қажеттілікті қалай қанағаттандыруға болады

Несие алмай тұрмыстық қажеттілікті қалай қанағаттандыруға болады

Несие алмай тұрмыстық қажеттілікті қалай қанағаттандыруға болады

1. Қаржылық мақсат.

Бірінші кезекте өзіңіздің қаржылық мақсаттарыңызды анықтаңыз және оларға жеткізетін жоспар құрыңыз. Алдыңызға нақты және шынайы мақсаттар қойыңыз, олар сізге қаржыны жақсы басқаруға және қажетсіз шығындардан аулақ болуға көмектеседі. Мақсат нақты болу керек. Мысалы, шетелге отбасымен қыдырып келу, үйді жаңартып, ремонт жасау немесе отбасыңыздағы маңызды күнге той жасау деген секілді. Мақсатыңыз анық болғаннан кейін сол мақсатқа жету жоспарын жасаңыз.

2. Бюджет жүргізіңіз.

Бюджетті құру арқылы қаржыңызды есепке алыңыз. Жалақыңыздың қайда кететінін жақсы түсіну үшін кірістер мен шығыстарды анықтаңыз. Бұны қалай, қай жерде жасайтыныңыз қатты маңызды емес. Дәптер немесе Excel арқылы жүргізсеңіз болады, алайды қазір ұялы телефон заманы болған соң, мобильді қосымша арқылы бюджет жүргізу оңай әрі тез болып келеді. Бюджетті жоспарлау кезінде несиені уақытылы төлеу және қосымша пайыздар мен айыппұлдарды болдырмау үшін ағымдағы несие төлемдеріне ерекше назар аударыңыз. Және сіз бұған дейін жасалған қаржылық мақсатыңызға апаратын жоспарды осы бюджетке енгізіңіз.

3. Шығындарыңызды басқарыңыз.

Біріншіден, шығындарды басымдық бойынша бөліңіз (приоритезация), қай шығындарды ең маңызды деп санайтыныңызды анықтап, оларға басымдық беріңіз. Азық-түлік, баспана, көлік және денсаулық сақтау сияқты қажетті шығындар бірінші орында тұруы керек. Шығындарыңызға талдау жасаңыз және шығындарды азайтуға болатын аймақтарды анықтаңыз. Мысалы, бұл үйден тыс кофе сатып алу, мейрамханаларда жиі тамақтану немесе сіз пайдаланбайтын қызметтерге жазылу (подписка) болуы мүмкін. Ал денсаулық, коммуналдық қызметтер деген секілді басымдылығы жоғары және міндетті шығындарды жоспарлаңыз. Және оларды өзіңіздің бюджетіңізге енгізіп, әрдайым бақылауда ұстаңыз.

4. Қарыздарыңызды өтеу және несие тарихыңызды жақсарту жоспарын жасаңыз.

Егер сізде бірнеше несиелер болса, әсіресе әртүрлі пайыздық мөлшерлемелері бар болса, қарыздарыңызды өтеудің мұқият ойластырылған жоспарын жасау керек. Негізгі идея - ең жоғары пайыздық мөлшерлемелері бар қарыздарға назар аудып, оларды бірінші кезекте төлеу. Бұл жалпы пайыздық төлемдерді азайтуға және қарыздан құтылу процесін тездетуге көмектеседі. Сондай-ақ, несие тарихыңыз туралы ұмытпаңыз. Қарыздарды уақтылы және дәл төлеу сіздің несиелік репутацияңызды жақсартуға көмектеседі. Несие тарихыңыз неғұрлым жақсы болса, болашақта соғұрлым тиімді несие шарттарын ала аласыз.

5. Қаржылық дисциплина сақтаңыз.

Қаржылық дисциплина - ақшаңызды сәтті басқарудың негізгі кілті. Қаржыңызды үнемі қадағалап отырыңыз, бюджетті үнемі жаңартып отырыңыз және шығындар жоспарын қатаң сақтаңыз. Импульсті сатып алудан аулақ болыңыз және әрбір үлкен сатып алу алдында бірнеше рет ойланыңыз. Сондықтан бірінші кезекте өзіңізді қолға алып, диссиплинаңызды дамытыңыз, үлкен шығын алып келетін сауда жасамас бұрын, несие алмас бұрын бір немесе бірнеше күн ойланыңыз, маркетологтардың қармағына түспеуге тырысыңыз.

6. Жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстарды іздеңіз.

Дүкендердегі, екінші деңгейдегі банктердегі акциялар мен жеңілдіктерді бақылап отырыңыз. Бағаларды салыстырыңыз және сатып алудан бұрын жақсы мәмілелерді іздеңіз. Күнделікті сатып алуларыңызды үнемдеу үшін купондар мен адалдық бағдарламаларын пайдаланыңыз. Банктердегі өзекті кэшбектер мен бонустарды жәнеде басқада жеңілдіктерді бақылау үшін «Казахстан подешевле» Телеграм каналын кеңес бере аламын.

7. Төтенше жағдайлар үшін жинақ.

Қаржылық қауіпсіздік жастығы болуы маңызды. Күтпеген шығындар болған жағдайда жаңа несие алуға мәжбүр болмас үшін ай сайын төтенше жағдайға аз мөлшерде ақша бөліңіз.

8. Қаржылық сауаттылықты дамыту.

Қаржылық сауаттылықты үйреніңіз және қаржылық менеджмент туралы біліміңізді жетілдіріңіз. Қаржыңызды неғұрлым жақсы түсінсеңіз, қаржылық шешімдер қабылдау оңайырақ болады.

191

Возврат к списку