Жастарға арналған мүмкіндіктер
Отбасы
Мен балаға алимент ала алмай жүрмін

Мен балаға алимент ала алмай жүрмін

Мен балаға алимент ала алмай жүрмін

Мәселенің құқықтық негізі

  1. Егер сіздің жұбайыңыз кәмелетке толмаған балаға (-ларға) ерікті түрде алимент төлеуден бас тартса, сіз алиментті мәжбүрлі түрде өндіріп алуға құқылысыз. 
  2. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 164 б. бойынша, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға болады. 
    Бұл ретте осы кезеңге дейін алимент алынбағаны анықталса, 3 жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріліп алынуы мүмкін.

Алимент өндірiп алу үшін не қажет?

Алимент өндіріп алу үшін тіркелу орны бойынша сотқа талап арызбен жүгіну керек.

Талап арызбен қоса берілуі тиіс құжаттар:

  • неке туралы куәлік көшірмесі;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • баланы денсаулық жағдайы туралы анықтама (баланың тіркелу орны бойынша емханадан алынады);
  • борышкердің еңбекақысы туралы анықтама;
  • талапкердің жеке куәлігінің көшірмесі;

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығы.

Білу маңызды!
Сіз алимент өндіріп алу үшін жеке сот орындаушысына жүгіне аласыз. Бұл ретте, заңнамадағы өзгерістерге сәйкес жеке сот орындаушыларына талапкерден алименттерді өндіріп алу бойынша қызмет көрсеткені үшін алдын ала аванс төлеуді талап етуге тыйым салынады. Алимент өндіріп алу әлеуметтік маңызы бар істер санатына жатқызылған және осындай іс жүргізу бойынша борышкерде өндіріп алуға болатын кірістер мен мүлік болмаған жағдайда, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

1872

Возврат к списку