Негiзгi ережелер
01.01.2015 жылдан бастап, Қазақстанда балаларға арналған «коменданттық сағат» қолданыста келеді. Оған сәйкес 18 жасқа толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынады.
Нақтырақ айтқанда:
- ойын-сауық мекемелерінде – сағат 22:00 – 6:00
- тұрғынжайдан* тыс жерде – сағат 23:00 – 6:00
*Тұрғынжай заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады (ҚР Азаматтық кодексі 16-бап)
Баламен кім болуы керек?
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес, бала заңды өкілімен болуы тиіс, яғни:
- ата-анасымен;
- бала асырап алушымен,
- қорғаншымен;
- асырап алушы ата-анамен, патронат тәрбиешімен немесе оларды алмастыратын басқа адаммен.
Білу маңызды! Егер түнгі уақытта ата-анасы жұмыстан босамай, баланы мектептен немесе жаттығудан туыстарының біреуі алып кететiн болса, бұл жағдайда нотариусқа барып, баламен сағат 22:00-ден кейін болатын адамның атына қажетті түсініктемемен сенімхат рәсімдеу қажет.