Жастарды қолдау, оның ішінде жас отбасылық жұптардың өзекті мәселелерін шешуге байланысты жалпы кеңес беру қалалар мен аудандардағы Жастар бастамаларын дамыту орталықтарына (Жастар ресурстық орталықтарына) жүгіну арқылы білуге болады.
Жастар ресурстық орталықтары
Негізгі жұмыс принциптері
Жастар ресурстық орталықтар - жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдауды, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады. Орталықтардың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.
Қандай сұрақтарға жауап алуға болады?
- жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және физикалық әлеуетін дамыту, олардың азаматтылығы мен патриотизмін нығайту;
- жергілікті жерлерде жастар ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
- жастардың, жастар ұйымдарының өзекті мәселелерін шешу үшін ақпараттық, техникалық, ғылыми-әдістемелік және т. б. ресурстарды ұсыну;
- жастарды қолдау бағдарламалары бойынша консалтингтік қызметтер көрсету.
Қазақстан Республикасындағы облыстық, қалалық және аудандық ЖРО байланыс деректері сілтеме бойынша берілген: https://eljastary.kz/ru/resource-centers/map/