Жүкті әйелдерге емханаға есепке тұру
Медициналық есепке алу мерзімдері
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 90 бабы бойынша, жүкті әйелдер 12 аптаға дейінгі мерзімде медициналық есепке тұрулары міндетті. Мамандардың пікірі бойынша акушер-гинекологқа келу үшін ең тиімді мерзім 9 бен 12 апта аралығы.
Жүктілік бойынша есепке қайда тұруға болады?
- Нақты тұратын жері бойынша мемлекеттік емханада.
- Жеке медициналық орталықтарда. Орталықты таңдағаннан кейін әйел емдеуші дәрігерді таңдап, келісімшарт жасасады. Медициналық орталықты таңдау кезінде клиниканың лицензиясы мен дәрігерлердің біліктілігіне назар аудару қажет.
Қажетті құжаттар
- Жеке куәлік (түпнұсқа және 2 көшірме).
- Флюрография сүреті (егер әйелдің флюорография өткендігі тұралы құжаты болмаса, күйеуінің флюорографиясы қажет).
- Микрореакцияға талдау.
- Күйеуінің жеке куәлігі (1 көшірме).
- Неке қию туралы куәлік (1 көшірме).
Дәрігерге бару
Консультацияға ерте келу жүктіліктің асқынуын анықтауға және босанудың нақты мерзімін анықтағанға дейін жүктілікті жүргізу жоспарын құруға мүмкіндік береді.
Дәрігерге алғашқы барған кезде жалпы тексеру жүргізіледі: дәрігер анамнез жинайды, бұрынғы ауруларға, созылмалы ауруларға, хирургияға, аллергияға және алдыңғы жүктіліктің барысына қызығушылық танытады.
Пайдалы сілтемелер
Босануға қалай дұрыс дайындалу керектігі туралы қосымша ақпаратты білуге болады:
- нақты тұратын жері бойынша мемлекеттік емхана жанындағы әйелдер консультациясында.
- жеке медициналық орталықтарда.
ҚР Мемлекеттік емханаларының байланыстары: https://egov.kz/cms/kk/articles/health_care/kont_polik