Жастарға арналған мүмкіндіктер
Білім алу
Мен аттестатты/дипломды жоғалтып алдым

Мен аттестатты/дипломды жоғалтып алдым

Мен аттестатты/дипломды жоғалтып алдым

Аттестатты/дипломды қалпына келтіруге арналған қадамдық нұсқаулық

Дипломның телнұсқасын алу

Egov.kz порталы арқылы өтініш тапсыру үшін сіз келесілерді жасауыңыз қажет:

  • ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңба) алу;
  • авторландырылу және жоғары оқу орны басшысының атына өтініш беру, мұндай өтініште білім туралы құжаттың жоғалу жағдайларын немесе өзге себептерді (тегінің, есімінің, әкесінің атының (егер бар болса) өзгеруін, құжаттың жарамсыздығын немесе оны толтыру кезінде жасалған қателікті) көрсету қажет.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу орнының көрсетілуімен, дайын болғаны туралы хабарлама.

Қызметті алуға сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/online-services/for_citizen/pass-mon212-214h

Диплом берілген оқу орнының орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК бөлімшесінде (ХҚКО) дипломның телнұсқасын алу үшін Cіз келесілерді ұсынуыңыз қажет:

  • жоғары оқу орны басшысының атына өтініш беру, мұндай өтініште білім туралы құжаттың жоғалу жағдайларын немесе өзге себептерді (тегінің, есімінің, әкесінің атының (егер бар болса) өзгеруін, құжаттың жарамсыздығын немесе оны толтыру кезінде жасалған қателікті) көрсету қажет;
  • қызмет көрсетушінің жеке басын куәландыратын құжат (тұпнұсқасы мен көшірмесі).

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: жоғары және жоғарыдан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасы.

Білу маңызды!

Құжаттың телнұсқасын қалпына келтіру үдерісі – жоғары оқу орнына өтініш келіп түскен күннен бастап 1 айдан аспайды.

Дипломның телнұсқасы бір рет қосымшасымен беріледі, қосымшасында оқу жоспары және әрқайсысы бойынша бағалары бар зерттелген пәндердің саны көрсетіледі.

Дипломның телнұсқасына жоғары оқу орнының ректоры, сондай-ақ ағымдағы жылы бекітілген мемлекеттік емтихан комиссиясы қол қояды.

Дипломның телнұсқасын беруді жоғары оқу орнының проректоры жүзеге асырады.

Орта білім туралы аттестатты қалпына келтіру

«Азаматтарға арналған үкімет» МК бөлімшелерінде орта білім туралы аттестатты қалпына келтіру үшін, Сіз келесілерді ұсынуыңыз қажет:

  • белгіленген нысандағы өтініш, мұндай өтініште құжаттың жоғалу жағдайлары немесе өзге себептер баяндалуы тиіс;
  • туу туралы куәліктің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған жағдайда);
  • кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (қамқоршысының, жанашырының, патронаждық тәрбиеленушісінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру.

7139

Возврат к списку