Жастарға арналған мүмкіндіктер
Білім алу
ҚР банктерінен оқуға білім несиелері

ҚР банктерінен оқуға білім несиелері

ҚР банктерінен оқуға білім несиелері

Білім алу - бұл қазіргі адамның өміріндегі маңызды кезең. Білім кез келген адамға жаңа үлкен мүмкіндіктерге тура жолды ашады. Білім беру саласында тегін оқу үшін тамаша мүмкіндіктер болуына қарамастан, көптеген білім алушылар білім үшін төлеуге мәжбүр. Білім беру кредиттер жүйесін енгізу және дамыту абитуриенттер үшін білім алуды жеңілдету әдістерінің бірі болып табылады. Осы мақалада біз білім беру кредиті  туралы, оны алу әдістері және ол үшін қандай құжаттар қажет екендігі туралы баяндаймыз.   

Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім алу қолжетміділігін қамтамасыз ету мақсатында 2005 жылдан бастап «Қаржы орталығы» АҚ мемлекет атынан ҚР екінші деңгейдегі банктері беретін білім беру кредиттері ҚР «Қаржы орталығы»АҚ  кепілдігімен беріледі. Кредиттерді тікелей  ҚР екінші деңгейдегі банктер береді.  

«Қаржы орталығы» АҚ мынадай бағыттардағы жұмысты жүзеге асырады: 

  • екінші деңгейлі банктердің студенттерге беретін кредиттері бойынша кепілдік беру;
  • бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз етеді (сенім білдірілген агенттің қызметін орындайды);
  • «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі» бағдарламасын үйлестіру;
  • орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру;
  •  «Білім беру туралы» ҚР Заңы аясында ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру.

Бүгінгі таңда білім беру кредитеріне кепілдік бері жүйесіне  екінші деңгейлі бактер белсенді қатысады: Сбербанк России,  ForteBank, НурбанкТенгри банк.

Әріптес-банктердің әрқайсысының қарыз алушыға қойылатын шарттар мен талаптар көрсетілген өз білім беруді кредиттеу бағдарламасы әзірленген. Әрқайсысы туралы толығырақ...

Білім беру кредиттері

 

СБЕРБАНК РОССИИ (қызмет беру уақытша тоқтатылды)

НУРБАНК

       ТЕНГРИ БАНК

ФОРТЕ БАНК

ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ

16,5%
 (нақты≈ от 19,5%)

 20%
 (нақты ≈ 22,5%)

   20%
 (нақты ≈ 22,3%) 

 10%
 (нақты ≈ 11%)

 КРЕДИТ МЕРЗІМІ

 12 жылға дейін

  10 жылға дейін

 10 жылға дейін

  10 жылға дейін

ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУ

 - кепіл талап етілмейді; 
 - 1 немесе 2 кепілгердің болуы    (ҚР аумағында тұратын жақын туысы)

 -  кепіл талап етілмейді; 
 - қарыз алушы өз төлем қабілеттілігін растай алмаса 1 немесе 2 кепілгерді тарту қажет (ҚР аумағында тұратын жақын туысы)

 -  кепіл талап етілмейді; 
 - қарыз алушының табысы болмаған жағдайда,  1 немесе 2 кепілгердің болуы     талап етіледі (ҚР аумағында тұратын жақын туысы) 

 -  кепіл талап етілмейді; 
 - 1 немесе 2 кепілгердің болуы    (ҚР аумағында тұратын жақын туысы)

ОҚЫТУ НЫСАНЫ

бакалавр
магистр
күндізгі оқу
кешкі

бакалавр
күндізгі оқу

сырттай оқу 
кешкі

Колледждерде оқыту шектеусіз

Жоғары  оқу орындарында оқу шектеусіз

Халық шаруашылығы университетінің  (Астана, Алматы) студенттері үшін   шеткеусіз 

ЖЕҢЛДІКТІ КЕЗЕҢ

Оқу кезінде және оқу аяқталған соң 6 ай ішінде КРЕДИТТІҢ НЕГІЗГІ СОМАСЫН  ТӨЛЕМЕУГЕ БОЛАДЫ, тек кредит бойынша пайыздарды төлеңіз!

НЫСАНАЛЫ АУДИТОРИЯ

                         

ШЕКТЕУСІЗ

ҮЛГЕРІМ

- ҰБТ/АКТ нәтижелері бойынша  50 баллдан төмен емес;
- ағымдағы емтихан сессиясының  нәтижелері бойынша бес балдық жүйе бойынша   3,5 баллдан төмен емес;
- ағымдағы емтихан сессиясының  нәтижелері бойынша  кредиттік жүйесі бойынша  1,33 баллдан төмен емес    

КРЕДИТТІҢ МИНИМАЛДЫҚ СОМАСЫ

150 000 тг бастап

КРЕДИТТІҢ МАКСИМАЛДЫҚ СОМАСЫ

 Шектелмеген  

      5 000 000 дейін

  6 000 000 дейін

  3 000 000 дейін

МЕРЗІМНЕН БҰРЫН ӨТЕУ

 Айыппұл санкцияларысыз  

 


Қарыз алушылар үшін артықшылықтар

Қарыз алушылар үшін артықшылықтар:

  1. Кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі.
  2. Барлық білім алу деңгейлеріне (бакалавриат, магистратура, докторантура, техникалық және кәсіптік білім) беріледі.
  3. Білім алудың барлық түрлеріне: күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқу және т.с.с. беріледі.
  4. Пайыздық мөлшерлеме нарықтық мөлшерлемеден айтарлықтай төмен.
  5. Кредит мерзімі ұзақ.
  6. Кредит сомасын өтеу мерзімі студенттің оқу кезеңіне және ол оқу бітіргеннен кейін 6/12 айға ұзартылады.
  7. Кепілзатсыз.
  8. Кредиттің сомасы шектеусіз, бастысы, оқудың құнынан аспауы тиіс.
  9. Несие сомасы білім алушының қажеттілігіне қарай әр семестр/жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.
  10. Кредит  әріптес-банктермен беріледі, оны Қазақстанның барлық ірі қалаларында рәсімдеуге болады.   

Ұқсас кредиттермен салыстыру  

 

Тұтынушылық кредит (банктердің шарттары)

Студентік білім беру  кредиті

Пайыздық мөлшерлеме

жылдық  28%  дейін және жоғары

Жылдық  10% бастап

Қайтару мерзімі

3-5 жылға дейін 

12 жылға дейін 

Алу тәсімі

Бір жолғы

Студентке ыңғайлы болу үшін несие семестр бойынша және қажеттілігіне қарай бөліктермен аударылады. 


Қамтамасыз ету 

Жылжымайтын мүлік 

Қаржы орталығыың кепілі

Жеңілдікті кезең 

Жоқ

Оқу кезеңіне және оқу бітіргеннен кейін 6 айға кредитті өтеу мерзімі ұзартылады 

Мерзімінен бұрын өтеу 


айыппұлсыз


айыппұлсыз

Өзге

- кредит сомасы бойынша шектеу қойылған,
- жас ерекшелігіне шектеу қойылған (21 жастан бастап),
- табысты растау 

- жас ерекшелігіне шектеу жоқ;
- жалпы, кредит сомасы бойынша шектеу жоқ;

- кейбір жағдайларда кепілгердің болуы талап етіледі.



Білім беру кредитін рәсімдеу үшін қандай құжаттарды дайындау  қажет  

 Қарыз алушы үшін құжаттар:

  1. Жеке куәлік.
  2. Талапкерлер үшін ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе соңғы сессияны тапсыру нәтижелері.
  3. Білім алуға шарт не оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты.
  4. Қарыз алушы 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.

Бірге қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:

  1. жеке куәлік.
  2. Жұмыс орнынан анықтама.
  3. Зейнетақы аударымдары туралы ақпарат.
  4. Еңбекақысын көрсететін және растайтын құжаттар.
  5. Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.

Қосымша ақпарат үшін 8 800-080-28-28 телефоны арқылы хабарласыңыз немесе www.fincenter.kz сайтына жүгініңіз.

847

Возврат к списку