Техникалық және кәсіптік білім беру немесе жоғары оқу орындарында оқуға қайта қабылдау
Түрлері бойынша білім беру ұйымдарында оқуға қайта қабылдаудың қадамдық (кезең-кезеңмен) үрдісі
Жоғары оқу орын
- оқытуды жалғастыру қарастырылған жоғары оқу орны басшысының атына қайта қабылдау туралы өтініш беру және академиялық анықтаманы қоса тіркеу;
- академиялық анықтама негізінде факультет деканы пәндеріндегі айырмашылықтарды анықтайды және тіркеу бөлімімен келісіе отырып, сіздің жеке оқу жоспарыңызды бекітеді;
-
орынбасарының, факультет деканының, оқу бөлімі жетекшісінің бұрыштамасына сәйкес, жоғары оқу орнының басшысы сізді оқу орнына қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Білу маңызды!
Егер сіз білім беру гранты бойынша оқыған болсаңыз, қайта қабылдаудан кейін автоматты түрде ақылы негізде оқуға өтесіз.
Оқу құнын төлемегені үшін оқудан шығарылған жағдайда 4 апта ішінде қайта қабылдануға болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру орны
- Сіз бір семестрді аяқтаған жағдайда оқуға қайта қабылдана аласыз.
- Оқу ақысын төлемегені үшін семестр бойы оқудан шығарылған жағдайда, Сізге қарызды төрт апта ішінде өтеу қажет.
- Ақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу туралы құжат ұсынылғаннан кейін оқуға қайта қабылдау үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Пайдалы сілтемелер
-
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Ережесін бекіту туралы
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V15H0010297
-
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
https://online.zakon.kz/m/document/?doc_id=39227816
-
egov.kz сайт арқылы білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша білім алушыларды қайта қабылдау және ауыстыру
https://egov.kz/cms/kk/online-services/for_citizen/perevod_1