Жастарға арналған мүмкіндіктер
Білім алу
Қалай AQYL білім алу депозитін ашып, жылсайынғы мемлекеттік сыйақыны алуға болады

Қалай AQYL білім алу депозитін ашып, жылсайынғы мемлекеттік сыйақыны алуға болады

Қалай AQYL білім алу депозитін ашып, жылсайынғы мемлекеттік сыйақыны алуға болады

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін өзінің не баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіптік техникалық және жоғары білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге қолайлы мүмкіндік.

Аталған AQYL білім беру депозитіне банктен пайыздар (банкке байланысты) және 5% немесе 7% мемлекеттен жыл сайын сыйлықақы есептеледі. 

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын банктің сыйақыларымен бірге есептегендегі салымдағы жалпы сомаға, бірақ бір жылда 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде аударылады:  

  • 7% басымдылықты санаттағылар үшін: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы отбасынан шыққан және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар; 
  • 5% басқа санаттағы ҚР азаматтары үшін.  

Минималды бастапқы жарна - 3 АЕК.

Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.

AQYL  білім беру депозитін ашу үшін бар-жоғы екі-ақ құжат қажет: 

  1. Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі.
  2. Баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.  

Грантқа ие болған салымшының құқықтары:

  • депозиттен жинақты алу;  
  • ақшаны басқа баланың атына аудару; 
  • білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

AQYL білім беру жинақтау депозитінің ерекшеліктері: 

  • AQYL  білім беру жинақтау депозиті мемлекет сыйлықақысымен көтермеленеді;
  • мемлекет сыйлықақысы табыс түрі ретінде салықтан босатылады;
  • AQYL білім беру жинақтау депозиті жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру қорының нысаны болып табылады (10 млн.теңгеге дейін);
  • мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен Банктен білім кредитін алуға мүмкіндік бар.

Салымды ашу үшін не қажет:

1-қадам – Біздің байланыс телефондарымыз арқылы «Қаржы орталығы» АҚ-дан кеңес алу. 
2-қадам – Қатысушы банктердің бірін таңдау. Білім беру жинақтау депозитін ашу. Бастапқы жарнаны енгізу.
3-қадам – Банктен сыйақы және мемлекеттен сыйлықақы алу.
4-қадам – Қазақстанның немесе шетелдің колледждерінде/ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу. Грант бойынша оқуға түскен жағдайда банктің және мемлекеттің пайыздарын түгел алу.  

«Қаржы орталығы» АҚ-мен байланысу тетіктері:

Тегін жедел желі: 8 800 080 28 28

Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көш., 18, 3-қабат

Тел.: 8 (7172) 695-047, 695-044, 695-045
mail: fincenter@fincenter.kz  

12.09.2023 693

Возврат к списку