Нормативтік-құқықтық актілер
Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Об утверждении Плана мероприятий по проведению Года волонтера

Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

"Волонтер жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 135 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және ұйымдар (келісу бойынша):

1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

2) 2021 жылғы 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген

Жүктеу
14.02.2020 1889

Тізімге оралу