"Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 153 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жарты жылдың соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Толық ақпаратты
мына сайттан көре аласыз