"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы

Государственная молодежная премия "Дарын"

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа дейінгі, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1. Әдебиет.
2. Ғылым.
3. Дизайн және бейнелеу өнері.
4. Журналистика.
5. Классикалық музыка.
6. Қоғамдық қызмет.
7. Спорт.
8. Театр және кино.
9. Эстрада.
10. Халық шығармашылығы.

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысы.
31.05.2018 995

Тізімге оралу