Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясының қорытындысы бойынша «Жастар» ҒЗО қызметкерлерінің сараптамалық пікірлері
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті.

«Жастар ҒЗО» Ұйымдастыру-қаржы басқармасының жетекшісі Камила Әміртаева:
Қазақстан халқы Ассамблеясы соңғы 30 жыл бойы ұлттық бірлікті нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға және азаматтық ынтымақтастықтың тұрақты моделін қалыптастыруға ықпал етіп келе жатқан бірегей қоғамдық-саяси платформа болып табылады. Жылдам өзгеріп жатқан әлем мен жаһандық сын-қатерлер жағдайында дәл осындай институттар ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде, ортақ құндылықтарды қорғауда және ұлттық бірегейлікті нығайтуда шешуші рөл атқарады.
Осы құндылықтар жүйесінде жастардың орны ерекше. Олар – қоғамдық трансформациялардың белсенді әрі мақсатты қатысушылары. Жас ұрпақ өткеннің тәжірибесі мен болашақтың мүмкіндіктері арасындағы алтын көпір ғана емес, сонымен қатар диалог мәдениетін, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілікті бойына сіңірген жаңа буын. Бүгінгі қазақстандық жастар – жай ғана бақылаушы емес, олар – ел болашағының тең авторлары, бейбітшілік пен жасампаздықтың елшілері.
Еліміздің болашағы ортақ азаматтық мәдениетке сүйенген берік негізсіз мүмкін емес. Ол мәдениет өзара құрметке, заң үстемдігіне және жеке жауапкершілікке негізделуі тиіс. Дәл осы құндылықтардың өзектілігін сақтап қана қоймай, оларды жаңа жағдайларда дамытып, өркендететін – жастар.
"Жастар ҒЗО" Жастар ресурстық орталықтарын әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының консультанты Әубәкірова Сымбат Қайратқызы:
Жастар ҒЗО» әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының консультанты Сымбат Әубәкірова стан халқы Ассамблеясы еліміздегі этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуда айрықша рөл атқарады. Ассамблеяның жастарды тәрбиелеудегі жұмысы ел болашағына, әсіресе, жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Президенттің айтуынша, Ассамблеяның рөлі қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруда маңызды.
Жастар арасында бірлік, патриотизм және азаматтық жауапкершілікті нығайтуда маңызды рөл атқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты ұйымдар жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, елінің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бұл қозғалыстар жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға және «Адал азамат» концепциясының құндылықтарын насихаттауға үлкен үлес қосып отыр».
«Жастар ҒЗО» Жастар ресурстық орталықтарын әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы Жибек Нуршаихова:
«Қазақстан халқы Ассамблеясы соңғы 30 жыл бойы ұлттық бірлікті нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға және азаматтық ынтымақтастықтың тұрақты моделін қалыптастыруға ықпал етіп келе жатқан бірегей қоғамдық-саяси платформа болып табылады. Жылдам өзгеріп жатқан әлем мен жаһандық сын-қатерлер жағдайында дәл осындай институттар ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде, ортақ құндылықтарды қорғауда және ұлттық бірегейлікті нығайтуда шешуші рөл атқарады.
Осы құндылықтар жүйесінде жастардың орны ерекше. Олар – қоғамдық трансформациялардың белсенді әрі мақсатты қатысушылары. Жас ұрпақ өткеннің тәжірибесі мен болашақтың мүмкіндіктері арасындағы алтын көпір ғана емес, сонымен қатар диалог мәдениетін, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілікті бойына сіңірген жаңа буын. Бүгінгі қазақстандық жастар – жай ғана бақылаушы емес, олар – ел болашағының тең авторлары, бейбітшілік пен жасампаздықтың елшілері.
Еліміздің болашағы ортақ азаматтық мәдениетке сүйенген берік негізсіз мүмкін емес. Ол мәдениет өзара құрметке, заң үстемдігіне және жеке жауапкершілікке негізделуі тиіс. Дәл осы құндылықтардың өзектілігін сақтап қана қоймай, оларды жаңа жағдайларда дамытып, өркендететін – жастар».