Жаңалықтар
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жас волонтерлер форумы өтті

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жас волонтерлер форумы өтті

В ряде регионов Казахстана состоялись молодежные форумы волонтеров

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жас волонтерлер форумы өтті

Халықаралық волонтерлер күніне орай, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Жастар ресурстық орталықтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырған волонтерлер форумдары өтті. 

Қатысушылар елдегі волонтерлікті дамыту перспективаларын, жүзеге асырылған жобалар мен алдағы 2025 жылға арналған жоспарларды талқылады.

Мәселен, Қарағандыдағы форумға  волонтерлер қозғалысының 400-ден астам мүшесі қатысты. Бұл негізінен облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, мектеп оқушылары және жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері.

Кездесуде ең белсенді волонтерлер марапатталды, сондай-ақ грант конкурсы қорытындыланды. Жергілікті атқарушы органдар түрлі бағыттағы 10 жобаны қолдап, оларды іске асыруға 500 мың теңгеден бөлді.

Елордада волонтерлер қозғалысының ең белсенді өкілдері де назардан тыс қалмады.

Форум аясында елорданың дамуына үлес қосқан 70 ұйым мен бастамашыл топ марапатталды. Марапаттар 7 номинация бойынша берілді.

Атырау облысында да «Волонтер премиясы» өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

06.12.2024

Возврат к списку