Тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен жастарды насихаттау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Fenomen jas» жобасы аясында Астанада «Mümkındıkter alañy» атты форум өтті.
Жобаның мақсаты – қоғамның дамуына үлес қосып жүрген талантты адамдарды ынталандыру және насихаттау, жастарға үлгі боларлық рөлдік модель қалыптастыру, қазақстандық жастарды мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға тарту.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері және белсенді жастар қатысты.
Форум барысында «Fenomen jas» жобасының қатысушылары тәжірибелерін және жетістікке жету құпияларын бөлісті.
Сондай-ақ, «Uly dala saryny» сыйлығының қорытындысы шығарылып, үздік жастар мен жастар ұйымдарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар табысталды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі