Жаңалықтар
Астанада волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті

Астанада волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті

В Астане состоялся Слет лидеров волонтерских движений

Астанада волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті

3-4 қазан күндері Астана қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердегі Еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слеті өтті. Басқосу аталған ұйымның Жастар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды. Алқалы жиынға Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Тайланд, Тәжікстан, Шри-Ланка секілді әлемнің 21 елінен 450-ден астам делегат келді.

Слеттің пленарлық сессиясына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және шет елдердегі еріктілер ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Ерлан Қарин өз сөзінде Мемлекет басшысының волонтерлер қызметіне, олардың әлеуметтік әділдікті нығайтудағы, бірлік пен ынтымақтастық секілді негізгі құндылықтарды ілгерілетудегі рөліне баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Қазақстандағы еріктілер қозғалысының ауқымы зор екенін, қазіргі таңда елімізде 740 волонтерлік ұйым табысты қызмет атқарып, жаңа мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып жатқанын айтты.

04.10.2024

Возврат к списку