Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы туралы ақпараттық анықтама
Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы – бұл азаматтық бастамаларды және қоғамдық ұйымдарды (ҮЕҰ) қолдауға және дамытуға бағытталған алаң. Орталықтың басты мақсаты – қоғам өмірін жақсартуға және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға көмектесу.
Негізгі ақпарат:
- Орталықтың жұмыс бастаған жылы:
2022
- Тапсырыс беруші: Астана қаласы әкімдігінің "Ішкі саясат басқармасы" ММ
- Орындаушы: «КАМЕДА» қоғамдық қоры
- Іс-шаралар өтетін орын: Астана қаласы
- Жобаны жүзеге асыру кезеңі: 2022-2024 жылдар
- Орталықтың мақсаты: Азаматтық қоғам институттарын дамыту, ҮЕҰ-дың жұмысын үйлестіру және мемлекеттік, бизнес секторларымен тең құқылы әріптестікке қажетті жағдай жасау.
Орталықтың негізгі қызмет бағыттары:
- Іс-шараларды ұйымдастыру:
- ҮЕҰ өкілдері мен белсенділерге арналған семинарлар, тренингтер, вебинарлар өткізу.
- Орталық жыл сайын қаржылық, заң, фандрайзинг және жобаларды басқару салаларында білім мен дағдыларды арттыру үшін кемінде 4 тренинг және 5 онлайн-вебинар ұйымдастырады.
- Әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру мәселелерін талқылау үшін бизнес өкілдерімен кездесулер өткізу.
- Консультациялық қызметтер:
- Фандрайзинг, краудфандинг, институционалдық, заңдық және қаржылық қолдау бойынша ҮЕҰ мен белсенділерге кеңес беру.
- Жылына кемінде 700 кеңес беру, офлайн және онлайн форматтарда өткізіледі.
- Ақпараттық қолдау:
- Азаматтық бастамалар орталығының және Астана қаласының азаматтық секторының қызметін әлеуметтік желілерде (@elordanpo.kz) және орталықтың сайтында (https://civilcenterelorda.kz) жариялау. Мұнда ҮЕҰ-ның сәтті жобалары, заңнамалардағы өзгерістер туралы, азаматтық белсенділерге, ҮЕҰдарға жаңа мүмкіндіктер, жаңалықтар тұрақты түрде жарияланады.
- Жыл сайын ҮЕҰ мен белсенді азаматтар туралы кемінде 3 бейнеролик шығарылады.
- Материалдық қолдау:
- Әлеуметтік жобалармен жұмыс істеу үшін Орталық 2 компьютер, 1 принтер және интернетке тегін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
- Тренингтер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және тағы да басқа іс-шаралар өткізу үшін зал да тегін беріледі.
- Анықтамалық қызмет:
- Астана қаласының ҮЕҰ-лары туралы мәліметтер жинақталған анықтамалықты жаңартып, оны электрондық және баспа түрінде мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптарға таратады.
Орталықтың қосымша міндеттері:
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға мониторинг жүргізу және бағалау.
- Азаматтық бастамаларды, жобаларды, ұсыныстарды жинау және оларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесе іске асыруға көмектесу.
Байланыс:
Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы – бұл азаматтық идеяларға қолдау көрсетіп, әлеуметтік жобаларға табысқа жету мүмкіндігін беретін орын.