«Президенттің су ресурстарын тиімді басқару саласындағы тапсырмасы жағымсыз салдарды барынша азайтуға мүмкіндік береді» - Турегелдиева Арайлым, «Жастар» ҒЗО Жастар ресурстық орталықтарын әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы
«Президенттің су ресурстарын тиімді басқару саласындағы тапсырмасы жағымсыз салдарды барынша азайтуға мүмкіндік береді» - Турегелдиева Арайлым, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Жастар ресурстық орталықтарын әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су тасқыны мен су ресурстарын басқарудың жүйелі мәселесіне ерекше назар аударып, жергілікті және орталық билікті су тасқыны суларын жинауды қоса алғанда, су қорларын құруға шақырды. Бұл болашақта су ресурстарын тиімдірек басқаруға және жағымсыз әсерлерді азайтуға көмектеседі.
Дүниежүзілік банктің болжамдары көрсеткендей, 2030 жылға қарай Қазақстандағы су ресурстарының көлемі жылына 90-нан 76 км³-ке дейін қысқаруы мүмкін, бұл 12-15 км³ тапшылыққа алып келеді. Ауыл шаруашылығы елдегі барлық судың 63% -. тұтынатындықтан, суды басқару оның тұрақтылығы үшін өте маңызды болады.
Президенттің қабылдаған шаралары мен тапсырмалары осы ұзақ мерзімді мәселені шешудегі маңызды қадам болып табылады. Ұсынылған шешімдерді іске асыру болашақта осындай жағдайлардың қаупін едәуір азайтуға көмектесетініне сенімдімін. Қасым-Жомарт Тоқаев су тиімділігі мәселелеріне назар аударып, осы міндеттің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның тұрақты дамуы үшін жаңа перспективалар ашады.
Сонымен қатар, Президент зардап шеккендерге еріктілер, бей-жай қарамайтын азаматтар, соның ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар көрсеткен көмекті атап өтті. Бұл қиын жағдайды жеңуде халықтың бірлігі шешуші рөл атқарды.