«Еңбек адамының имиджін қалыптастыру дарынды жастарды негізгі салаларға тартуға көмектеседі» – Сейтказина Камила, «Жастар» ҒЗО сарапшысы
Сейтқазина Камила, «Жастар» ҒЗО Жастар ресурстық орталықтарын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің консультанты.
2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау еліміздің экономикалық өсімі мен инвестициялық тартымдылығының басты факторына айналатын жұмысшы және техникалық мамандықтарды дамытуға деген ұмтылысты білдіреді. Менің ойымша, мемлекеттік наградалар жүйесіне инженерлерге, геологтарға, көлік, ауыл және су шаруашылығы қызметкерлеріне, сондай-ақ ғалымдар мен өнертапқыштарға құрметті атақтардың енгізілуі олардың сіңірген еңбегін мойындау жолындағы елеулі қадам болмақ.
Мұндай екпіннің маңыздылығы еңбек адамының жаңа қоғамдық имиджін қалыптастыруда да жатыр. Қабылдаудың осылайша өзгеруі дарынды жастарды негізгі салаларға тартуға көмектеседі, бұл жоғары білікті кадр резервін құруға ықпал етеді. Нәтижесінде бізді ұлт ретінде нығайтатын әлеуметтік-экономикалық прогреске ықпал ететін қолайлы орта құрылады.