«Ғылым таппай мақтанба»: ұлттық жастар онкүндігінің төртінші күні білім мен ғылымға арналды
Қазақстанда жастар күніне арналған ұлттық онкүндік жалғасуда. Төртінші күн білімге, ғылымға және интеллектуалды дамуға арналды.
Барлық өңірлерде жастардың оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастырылды: зияткерлік конкурстар, кітап көрмелері. Сондай-ақ белгілі ғылым және білім қайраткерлерімен кездесулер өтті.
Жалпы акция аясында 6000-нан астам жас қазақстандықтар қамтылды.
7 тамыз - ұлттық онкүндіктің бесінші күні. Бүгін «Мейірімділік мекені» акциясы аясында қазақстандық жастарды қайырымдылық және волонтерлік мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыруда.
Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі