Жаңалықтар
Қазақстандық делегация жаһандық жастар фестиваліне қатысуда

Қазақстандық делегация жаһандық жастар фестиваліне қатысуда

Казахстанская делегация принимает участие в Глобальном фестивале молодёжи

Қазақстандық делегация жаһандық жастар фестиваліне қатысуда

Өзбекстанда Жаһандық жастар фестивалі өтіп жатыр. Халықаралық кездесуде 150 елден 1000-ға жуық жас ғалым, өнер, креативті индустрия және экология саласының өкілдері, кәсіпкерлер жиналды.

«Жаһандық жастар фестивалі ынтымақтастығымызды дамытуда және елдеріміздің жастары арасындағы достық байланыстарды нығайтуда маңызды кезең саналады. Бұл бейбітшілікті, тұрақтылықты пен орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеуге арналған бірегей алаң», - деп атап өтті фестивальдің ашылуында ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов.

Фестиваль Өзбекстанның Бұхара, Самарқанд, Жизақ, Хиуа және Ташкент сияқты бес тарихи орынында өтеді. Ауқымды бағдарламада жастар форумы, мәнерлеп оқу, университет көрмесі, фотогалерея, мәдени шерулер, спорттық турнирлер, КТА ойыны жоспарланған.

Фестиваль аясында ТМД елдері кәсіпкерлерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция мен бизнес-марафон өтеді. Жабылу салтанаты 30 маусымда Ташкентте болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/800877?lang=kk

01.07.2024

Возврат к списку