ҚазҰЭК кітапханасы ақпараттық жүйесінің көрсеткіші бойынша ең белсенді оқырмандар – жастар (51%), 27%-ы профессор мен оқытушылар құрамы, мемлекеттік қызметшілер және түрлі сала мамандары.
Ең көп оқылатын әдебиет – салалық әдебиет (философия, медицина, математика, өнер және т.б.) – 69%, көркем әдебиет – 31%.
Егер статистикаға сүйенетін болсақ, медицина туралы кітаптарды – 23059, психология – 6918, дін – 2305, география – 12105 оқырман сұраған. Көркем әдебиет кітапхана оқырмандары арасында да сұранысқа ие.
Көркем әдебиетті түрлі жанрларға бөліп қарастырсақ, романдар – 33%, детективтер – 19%, тарихи беллетристика – 15%, қиял-ғажайып – 13%, шытырман оқиға – 12%, балалар әдебиеті – 8%.
Электронды кітапхананың (ҚазҰЭК) деректеріне сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында оқырмандар кітаптарды – 1 331 503, мерзімді басылымдарды – 178 623, авторефераттар мен диссертацияларды – 81 524, аудио-бейне құжаттарды – 24 492 рет жүктеп оқыған және сайтқа әлемнің 102 елінен пайдаланушы кірген.
Қазақстандық жастар жылына орташа есеппен 10-12 кітап оқиды. Сүйіп оқитын кітаптар қатарында ХХ ғасыр мен қазіргі заманғы балалар жазушыларының шығармалары бар. Жастар арасында жауап берген респонденттердің көпшілігі жиі кітап оқиды. Мәселен, білім алу үшін – 55%, оқуды міндет ретінде қабылдайтындар – 5%, кітап оқуды ұнататындар – 40%.
Дереккөз:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/768188?lang=kk