Жаңалықтар
ҚХА жастарды идеологиялық тәрбиелеу мәселелеріне көбірек көңіл бөлетін болады

ҚХА жастарды идеологиялық тәрбиелеу мәселелеріне көбірек көңіл бөлетін болады

АНК будет уделять повышенное внимание вопросам идеологического воспитания молодежи

ҚХА жастарды идеологиялық тәрбиелеу мәселелеріне көбірек көңіл бөлетін болады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарды идеологиялық тәрбиелеу мәселелеріне көбірек көңіл бөлетініне уәде берді. 

Бұл – болашақта не боларын болжап білу мүмкін емес, қазіргідей алмағайып әлемде аса маңызды мәселе. Ассамблея этносаралық коммуникация орталықтарын дамытумен және осындай жаңа орталықтар ашумен айналысады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдап, еріктілерді және жергілікті бірлестіктерді ынталандырумен шұғылданады.

Мен Ұлттық құрылтайда қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқталдым. Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оған барлығы атсалысуы керек., – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясының отырысында.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/ank-budet-udelyat-povishennoe-vnimanie-voprosam-ideologicheskogo-vospitaniya-molodezhi-8aeb93
30.04.2024

Возврат к списку