Жаңалықтар
Астанада туризм саласындағы студенттік стартаптар сайысы өтті

Астанада туризм саласындағы студенттік стартаптар сайысы өтті

Соревнование студенческих стартапов в сфере туризма прошло в Астане

Астанада туризм саласындағы студенттік стартаптар сайысы өтті

Экотуризм, инклюзивті туризм, көлік компанияларына арналған шешімдер, ағылшын тіліндегі онлайн гидтер, қонақүйлерге арналған B2B шешімдер, туристік автобустарға арналған маркетплейс. Maqsut Narikbayev University-де өткен «TRAVEL Hack: Transformative Routes, Adventure, Vision, Exploration and Legacy» республикалық хакатонында студенттер туризмді дамытуға арналған осындайжобалар дайындады. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы қолдаған бұл хакатонның жалпы жүлде қоры 1 600 000 теңге болды. Ал оған еліміздің жетекші университеттерінен 100-ден астам студент қатысты. 

Бірінші орынды «Dataflow» командасы иеленді, олар туристік агенттердің сенімділігін тексеретін жоба әзірледі. Ал «Sanatopia» командасы екінші орынға ие болды. Жоба мақсаты – қонақүйлерден корпоративтік бағаларды алу үдерісін цифрландыру. Үшінші орын «Take over blur» командасына бұйырды. Олар туристік автобустарға арналған қосымша дайындады. Сондай-ақ «Fighting» командасы көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды.

Дереккөз: https://nationalgeographic.kz/2024/04/17/studenttik-startap-zhobalar/
19.04.2024

Возврат к списку