Жаңалықтар
Президент стипендиясын тағайындау ережесі өзгерді

Президент стипендиясын тағайындау ережесі өзгерді

 Изменились правила назначения президентской стипендии

Президент стипендиясын тағайындау ережесі өзгерді

Президент стипендиясы меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен магистранттарына тағайындалады.


Стипендия:


- студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға;

- анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;

- интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.


- Стипендия келесі санаттағы студенттер мен магистранттарға тағайындалады:


1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалықтар, өнертапқыш авторларға;

2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға;

3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындарға;

4) ЖОО-ның қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындарға.


«Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады және ол бір академиялық кезеңге тағайындалады. Сол сияқты стипендия жоғары оқу орны ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін. Үміткерлер арасында тең жағдай туындағанда жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған студенттер мен магистранттарға, бала кезінен мүгедек шәкірттерге беріледі», - деп толықтырылған құжатта.


08.03.2024

Возврат к списку