Жаңалықтар
Жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған әдістемелік материалдар жарияланды

Жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған әдістемелік материалдар жарияланды

Опубликованы методические материалы для специалистов по работе с молодежью

Жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған әдістемелік материалдар жарияланды

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүйелі түрде өңірлерде жастар саясатын жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми-практикалық материал дайындайды. 

2023 жылы репродукциялық саулық мәселелері және ойынқұмарлық пен лудоманияның зияны туралы кеңес беру жұмыстары бойынша әдістемелік құралдар әзірленді. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес 2023 жылдан бастап жастар ресурстық орталықтары жоғарыда аталған тақырыптар бойынша консультация беруді іске асырып келеді.

Репродукциялық саулық бойынша әдістемелік материалда өзекті мәлімет, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын сақтау және алдын алу саласындағы озық тәжірибелер көрініс тапқан. Өз кезегінде, ойынқұмарлық пен лудоманияның зияны туралы консультация жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік құралда құмар ойындарға тәуелділіктің түрлері, Қазақстандағы қазіргі жағдай, сондай-ақ негізгі превентив шаралары туралы ақпарат берілген.

Сонымен қатар «Жастар» ҒЗО жастармен жұмыс істеу бойынша ЖРО-ның қызықты әрі тиімді жобалары енген «Үздік тәжірибелер жинағын» шығарды. Материалды барлық мүдделі мемлекеттік мекеменің, үкіметтік емес ұйымдардың, ЖРО-ның және жастар саясаты саласындағы сарапшылардың жұмысында пайдалануға болады.

Әдістемелік материалдар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға кеңінен атсалысатындардың бәрі үшін www.eljastary.kz сайтында ашық қолжетімділікте орналастырылды.

04.01.2024

Возврат к списку