Жаңалықтар
Неге жастар өз болашақтарын ауылмен байланыстыра алмайды?

Неге жастар өз болашақтарын ауылмен байланыстыра алмайды?

Неге жастар өз болашақтарын ауылмен байланыстыра алмайды?

Ауыл жастарының қалаға қоныс аудару үрдісі қарқын алып келе жатқаны – белгілі жайт. Қазіргі ауыл жастарының жай-күйіне тоқталсақ. Жастардың қанша пайызы өз қалауларымен ауылда тұрғысы келеді? Неге олар өз болашақтарын ауылмен байланыстыра алмайды?

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 2023 жылы жасаған «Ауыл жастары дамуының әлеуметтік-мәдени аспектілері» атты талдамалық баяндамасының нәтижелеріне сүйенсек, жастардың тұрғылықты жеріне, яғни ауылына деген сезімдері төмендегідей.

Сұралғандардың 67,3% ауылда тұратынына қуанышты, 14,2% қалаға кетуді қалайды, 7,3% Қазақстанның басқа аймағына кеткісі келеді, 4,1% бұған қатысты ешқандай ерекше сезім сезінбейді, ал 2,4%-ның қалауы Қазақстаннан кету екен.

Жастар ауылдық аймақта тұруды таңдауының басты себептерін сол жерде отбасы, жақындары мен достарының тұруымен (49,8%), ауылына деген махаббатпен және патриотизммен (24%), сонымен қатар отбасылық жағдаймен (18,8%) байланыстырады.

Ауыл жастарының өз болашақтарын ауылмен байланыстыра алмауының негізгі үш себебі суретте көрсетілген. 
19.12.2023

Возврат к списку