Жаңалықтар
Абай облысында белсенді жастар марапатталды

Абай облысында белсенді жастар марапатталды

В Абайской области награждена активная молодежь

Абай облысында белсенді жастар марапатталды

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір жастарымен кездесті. Олардың қатарында жастар ресурстық орталығының басшылары мен мамандары, белсенді жастары мен еріктілер бар, деп хабарлайды Kazinform.
Жиын барысында жастар саясаты мен креативті индустрияны дамытуға, жастар лагері мен жастар орталығын құруға бағытталған бастама талқыланды. Облыс әкімі бүгінде жергілікті атқарушы билік тарапынан жастар үшін барынша қажетті жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды. Сапалы білім алу мүмкіндігін беру, жұмысқа орналасу және кәсіби тұрғыда өсу үшін жағдай жасау басты назарда.

«Мұндай кездесулер дәстүрлі және ашық болуы керек. Біз креативті индустрияны дамытуға және жастардың шығармашылығын шыңдауға жағдай жасаймыз. Сіздердің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңыз біздің ортақ болашағымызды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Мұндай кездесулер әлі де жалғасын табуы керек, мен сіздердің бастамаларыңызды талқылауға әрқашан ашықпын», – деді Нұрлан Ұранхаев.
Кездесу барысында студенттік театрды дамыту және жас ғалымдарға қолдау көрсету идеясы да ортаға салынды.

Жиын соңында облыс әкімі белсенді жастарға Алғыс хаттар табыс етті. Нұрлан Ұранхаев облыс жастарының алдағы уақытта да биіктерден көрініп, табысқа жететіндеріне сенім білдіріп және өңірдің заманауи имиджін қалыптастырудағы жастар рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, облыста 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар құмар ойынға тәуелділік пен сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған 7000-нан астам кеңес беріп, 700-ден астам іс-шара өткізді. Мұндай шараларға барлығы 30 мыңға жуық адам қатысты. Сондай-ақ аудан жастарымен де жүйелі кездесулер өткізіліп тұрады.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/abay-oblisinda-belsend-zhastar-marapattaldi-354fcd/

12.12.2023

Возврат к списку