Жаңалықтар
5,5 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі

5,5 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі

Льготный кредит предоставляется 5,5 тыс. молодым людям

5,5 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі

Жастардың 5,5 мың жобасы жеңілдетілген шағын несие алуға мақұлданды. Оның  мөлшері 5 млн теңгеге дейін.

Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (970), Жамбыл (786), Қызылорда (642) облыстары мен Шымкент (466) және Астана (456) қалаларынан түсті.

Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Сондай-ақ, микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/C0tl3aTNzA4/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
07.12.2023

Возврат к списку