Жаңалықтар
Астанада «Jastar Jalyny-2023» жастар шығармашылық фестивалі басталды

Астанада «Jastar Jalyny-2023» жастар шығармашылық фестивалі басталды

В Астане стартовал молодежный творческий фестиваль «Jastar Jalyny-2023»

Астанада «Jastar Jalyny-2023» жастар шығармашылық фестивалі басталды

Астананың жоғары оқу орындары мен студент жастары арасында «Jastar Jalyny-2023» шығармашылық фестивалі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13 желтоқсан күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Бүгін, яғни 4 желтоқсан күні басталып, 12 желтоқсанға дейін созылатын фестиваль барысында жастар 10 номинация бойынша сынға түседі.

Фестиваль Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтеді.

«Jastar Jalyny-2023» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, рухани және мәдени әлеуетін дамыту, студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, белсенді азаматтық, әлеуметтік жауапкершілік, патриоттық сезім, адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттерді арттыру мақсатында өткізіледі.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына Астана қаласының 15 университеті қатысады.

«Jastar Jalyny-2023» фестивалінде ұсынылған номинациялар: Эстрада, Ұлттық би, Заманауи би, Музыкалық аспаптар, Шахмат, Поэзия, Медиа, Театр, Сурет, Qazaq Quiz,

Дереккөз: https://baq.kz/astanada-jastar-jalyny-2023-zhastar-shygarmashylyq-festivali-bastaldy-318762/

 

 

04.12.2023

Возврат к списку