Жаңалықтар
Түркістандағы жұмыссыз жастардың мәселесі қалай шешілетінін әкім айтты

Түркістандағы жұмыссыз жастардың мәселесі қалай шешілетінін әкім айтты

Как будет решаться проблема безработной молодежи в Туркестане, рассказал аким

Түркістандағы жұмыссыз жастардың мәселесі қалай шешілетінін әкім айтты

Жұмыссыз жастардың саны артып бар жатқанын білеміз. Бұл мәселелерді шешу үшін қандай әрекеттер жасап жатсыздар? деп БАҚ өкілдері Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысында қазіргі уақытта 650 мың жас бар.

Бұл тек Түркістан облысында емес, еледегі негізгі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Яғни жастарымызға білім беру және жұмысқа орналастыру. Бірінші кезекте колледждерде грант санын көбейттік. Биылғы жылы былтырғымен салыстырғанда 4500-ға жуық грантты асырып отырмыз. Ендігі кезекте тиісті комиссия қүрып, өзіміздің жергілікті атқарушы органдар мен басқа мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп біздегі NEET санатына жататын жастардың барлығын анықтауға кірістік. Қазіргі таңда NEET санатына жататын 50 мыңнан астам жастар бар. Олардың әрқайсымен үйіне барып, жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында «Жастар практикасы» сияқты тағы да басқа қоғамдық жұмыстар бар. Одан бөлек гранттар беріп жатырмыз. Жеңілдетілген несиелерді де ұсындық. Солардың есебінен қазіргі таңда 47 мың жасты жыл басынан бері жұмыспен қамтып отырмыз. Бұл тұрақты, жыл сайын жұмыс істейтін жоба, -деді облыс әкімі.

Дереккөз: https://baq.kz/turkistandagy-zhumyssyz-zhastardyn-maselesi-qalay-sheshiletinin-akim-aytty-318436/

 

30.11.2023

Возврат к списку