Жаңалықтар
ТЖ министрі Сырым Шәріпханов студенттермен кездесті

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов студенттермен кездесті

Министр по ЧС Сырым Шарипханов встретился со студентами

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов студенттермен кездесті

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері үшін қауіпсіздік сабағын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

«Қауіпсіздік мәдениетін арттыру қазіргі заманның қажетті шарты болып табылады, онда адам өмірі мен денсаулығына түрлі қауіп-қатерлермен қатар жүретін оқиғалар жиі орын алады. Қауіпсіздік мәдениетін, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды тез бағалай білу және дұрыс әрекет ету қабілетін балаға кішкентай кезінен бастап үйрету керек, кейін ол отбасында, балабақшада, мектепте, колледжде, университетте, жұмыста жалғасын табуы тиіс», - деп өз сөзінде Сырым Шәріпханов атап өтті.

ТЖ министрі қауіпсіздік шараларын білмеу және сақтамау салдарынан адамдардың топпен қайтыс болу жағдайларынан мысалдар келтіріп, ТЖ-ны қалай болдырмау және оқиғаның орын алуына себепші болмау керектігін айтып берді.

Университет ректоры Ерлан Сыдықов министрге сабақ өткізгені үшін алғысын білдіріп, өткізілген сабақтың студенттер үшін маңыздылығын атап өтті. Жоғары оқу орынның оқытушылары да ұсынылған ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде студенттік волонтерлер қозғалысына тарту бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

Студенттерге ТЖМ қызметкерлерінің қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететінін және адамдарды құтқаратынын нақты көрсету үшін университет аумағында құтқару жабдықтарды көрсету үшін алаң ұйымдастырылды.

Қауіпсіздік мәдениетін арттыру азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан ТЖМ қызметкерлері білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік сабақтарына көп көңіл бөледі.

Қауіпсіздік сабақтарын өткізудің негізгі мақсаты - төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Өйткені, төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйреніп, өзіне де, айналасындағыларға да көмектесе алу үшін әркімге қажетті білім мен көмек көрсету әдістерін меңгерген жөн.

Дереккөз: https://baq.kz/tzh-ministri-syrym-shariphanov-studenttermen-kezdesti-317563/


17.11.2023

Возврат к списку