Жаңалықтар
ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті

ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Состоялось заседание Совета по молодежной политике при Президенте РК

ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті

22 қарашада мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасының жобасын әзірлеу жұмысы талқыланды.

Сондай-ақ кеңес алаңында жыл сайынғы “Қазақстан жастары” ұлттық баяндамасының жобасы талқыланды. Ұлттық баяндамада дәстүрлі түрде демография, денсаулық, білім және ғылым, экономикалық мінез-құлық және азаматтық-саяси қатысу сияқты маңызды әлеуметтік параметрлер қамтылған.

Естеріңізге сала кетейік, ертең “Қазақстан жастары-2023” ұлттық баяндамасының таныстырылымы өтеді.

Сіздерді ертең сағат 10:00-де Marriott қонақ үйінде күтеміз!
28.11.2023

Возврат к списку