Жаңалықтар
Астанада жастарға арналған форум өтті

Астанада жастарға арналған форум өтті

Форум для молодежи прошел в Астане

Астанада жастарға арналған форум өтті

Елімізде NEET санатындағы жастардың үлесі 7% құрайды. Оқуға құлқы, жұмысқа құлшынысы жоқ қатарластарын қоғам өміріне бейімдеудің тың жолдарын қызылордалық жастар ұсынды. Олар табысты адамдардың тәжірибесін көпке үлгі ету арқылы қазіргі жастарды ынталандыруға болады дейді. Бастама республика деңгейінде қолдау тауып, «Мүмкіндіктер алаңы» деп аталатын форумға ұласты. Жиында есімі көпке таныла қоймаса да, өнер мен спортта, бизнесте жетістікке жеткен өрендердің жетістік жолы таныстырылды. Шара аясында тренингтер, шеберлік сабақтары өткізіліп, белсенді жастар «Ұлы дала сарыны» сыйлығымен марапатталды.

Ақбота Болатбекқызы, жоба үйлестірушісі:

- Бұл форумнан не алады? Әрине, жаңа таныстар, жаңа нетворкинг, жаңа білімдер, әртүрлі ситуациялық ойындар дайындап қойдық білім алмасу үшін. Әртүрлі шаралар жүзеге асырылды, әртүрлі жастармен кездесу өткізді.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/626814-astanada-zhastar-a-arnal-an-forum-tti
16.11.2023

Возврат к списку