Жаңалықтар
Маңғыстау облысында талантты әрі дарынды 100 жасқа жол жүру гранты беріледі

Маңғыстау облысында талантты әрі дарынды 100 жасқа жол жүру гранты беріледі

В Мангистауской области 100 талантливым молодым людям будет присужден проездной грант

Маңғыстау облысында талантты әрі дарынды 100 жасқа жол жүру гранты беріледі

Аталған жоба «Жеті жұрт» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» бірлесе іске асырады. 

Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан қалаларында немесе тұрғылықты аймақта өтетін шығармашылық байқауларға, зияткерлік және спорттық жарыстарға қатысуға жеткілікті қаражаты жоқ дарынды жастар анықтап, іріктеу. Сол арқылы жастар бастамаларын қолдау және көтермелеу. Жас дарын, талант иелерінің есімдерін елге насихаттау. Көрермен назарына тәрбиеге толы тәлім ұсыну. Жастардың республикалық конкурстар мен жарыстарға қатысуларына жағдай жасау.

Жоба аясында 25 жас шығармашылық конкурсқа, 25 жас зияткерлік конкурсқа және тағы 25 жас мәдени-қоғамдық іс-шараға, 25 жас спорттық іс-шараға қатысып келеді. Жол жүру грантын алуға өңірдегі 14-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Толық ақпарат  үшін  WhatsApp +77059701808

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CzlEqWGNDXL/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
15.11.2023

Возврат к списку