Жаңалықтар
Қарағанды қаласы әкімінің «Qaragandy Jastary» жастар сыйлығы байқауына құжаттар қабылдау басталды

Қарағанды қаласы әкімінің «Qaragandy Jastary» жастар сыйлығы байқауына құжаттар қабылдау басталды

Начался прием документов на конкурс молодежной премии акима города Караганды «Qaragandy Jastary»

Қарағанды қаласы әкімінің «Qaragandy Jastary» жастар сыйлығы байқауына құжаттар қабылдау басталды

Қарағанды қаласы әкімінің «Qaragandy Jastary» жастар сыйлығы байқауына құжаттар қабылдау басталды.

Сыйлық қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына өз қызметiмен елеулi үлес қосып жүрген Қарағанды қаласының 14 пен 35 жас аралығындағы дарынды, шығармашыл және ғылымдағы талантты жастардың, спорт, өндiрiс пен басқа да салалар өкiлдерiнiң ерекше сiңiрген еңбегiн бағалау мақсатында келесі номинациялар бойынша табысталады:

«Жас волонтер»
«Жас педагог»
«Жас дәрігер»
«Жас спортшы»
«Жас Отан қорғаушы»
«Жас жұмысшы»
«Мәдени-әлеуметтік дамуға қосқан үлесі үшін»

Сыйлық көлемі: 300 000 теңге

Байқауға қатысу үшін өтінімдер qaragandy_jaspremia@mail.ru электрондық поштасы бойынша 2023 жылдың 2 желтоқсаны сағат 19.00 дейін қабылданады. Белгіленген уақыттан кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.

Байқау ережесі, өтінім үлгісі @qaragandy_jastary инстаграм парақшасының БИО-сында.

Анықтама телефоны: 
+7 705 901 9309 (WhatsApp)

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/Czk4KU6NPPJ/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
14.11.2023

Возврат к списку