Жаңалықтар
Вандализмге қарсы республикалық акция өтіп жатыр

Вандализмге қарсы республикалық акция өтіп жатыр

Проходит республиканская акция против вандализма

Вандализмге қарсы республикалық акция өтіп жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастыруда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында заңды қатаң сақтауды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Президент даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне назар аударды.

Акцияның мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару, сондай-ак, туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен карауды қалыптастыру. Табиғатты аялап, өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыру «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына кіреді.

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CzddJr3t9Cy/?hl=ru


10.11.2023

Возврат к списку