Жаңалықтар
Жастардың 347 астам жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды

Жастардың 347 астам жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды

Более 347 молодежным проектам будут предоставлены льготные микрокредиты

Жастардың 347 астам жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ филиалына облыс тұрғындарынан кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5% жеңілдікті шағын несиелер алуға 386 өтінім түсті.

Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Конкурстық комиссиялардың шешімімен 347 жоба мақұлданды, оның ішінде 291 жобаны іске асыруға, қазірдің өзінде 1,4 млрд. теңгеден астам сомаға кредиттер берілді.

Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Дереккөз: https://baq.kz/zhastardyn-347-astam-zhobasyna-zhenildetilgen-mikrokredit-beriletin-boldy-317180/

09.11.2023

Возврат к списку