Жаңалықтар
Маңғыстауда жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Маңғыстауда жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

В Мангистау запустят новую жилищную программу для молодежи

Маңғыстауда жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Маңғыстауда «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Енді өңір жастары бастапқы жарнасы 10%-ды құрайтын, ал жылдық төлемі 5% мөлшерлемемен тұрғын үй сатып ала алады, деп хабарлайды Kazinform.
Бағдарламаның ережесін жасақтау барысында арнайы жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы тұрғын үй бағдарламасының ашықтығын және жастар арасындағы қолжетімділігін арттыруды қадағалайды.

- Біз жұмыс тобымен бірлесіп, елімізде жүзеге асырылып жатқан жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың осы күнге дейінгі кемшіліктері мен артықшылықтарын сараладық. Сәйкесінше өңірдегі жастардың сұранысына орай мейілінше қолжетімді бағдарлама жасауға тырыстық. Ереже бекітіліп, тиісті жұмыс тобы мақұлдады. Ендігі кезекте арнайы Маңғыстау жастары ресми сайтында құжат қабылдау процесі басталмақ. Сайттың аты қосымша хабарланады,-дейді Мұқаш Оралбай.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/mangistauda-zhastarga-arnalgan-zhana-turgin-uy-bagdarlamasi-ske-kosiladi-...

07.11.2023

Возврат к списку