Жаңалықтар
Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тегін онлайн сабақтар қайта басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тегін онлайн сабақтар қайта басталды

Бесплатные онлайн занятия по национальному единому тесту возобновились

Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тегін онлайн сабақтар қайта басталды

Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленген. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез-келген уақытта көре алуы үшін сақталады.


«Ғылым және жоғары білім министрлігі тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, төртінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 600-ге жуық сағат онлайн сабақтар өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінің мектеп түлектері қатысып, ҰБТ пәндері бойынша дайындықтан өтті. Биыл 20-дан астам орталық сабақ беретін болады. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, талапкерлерге арналған онлайн сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.


02.12.2023

Возврат к списку